Ақын мұраларымен танысты

№16 жалпы білім беретін орта мектеп жанындағы «Айгөлек» жазғы сауықтыру алаңының ІІ маусымында 95 бала демалуда. Қалалық білім, дене шынықтыру және спорт бөлімінің қолдауымен балаларға Ш.Ділдебаев атындағы Кеншілер сарайында қызықты кино тамашалау, би кеші, батутта секіру және жыршы, термеші Шынболат Ділдебаев атындағы мұражайға саяхат жоспарланған.

Аталған мұражайда бізді Шынболат атамыздың жұбайы Гүлсара Жиеналиева жылы жүзбен қарсы алды. Сөз өнерімен елін, жұртын тәнті еткен дарындардың бірі – Шынболат Ділдебаев атамыздың қалдырған мұраларымен танысып, бейнетаспадан «Шындық» термесін тыңдадық. Шынболат атамызды тыңдасаңыз, көкейден шығарып айтқан халық даналарының ойлы, алмастай өткір, толған айдай әсем, атқан таңдай шуақты сөздерінен, жырларынан нәр аласыз. Айдан анық ақиқатты шебер де шешен тілмен жеткізген қаламгердің қабілетіне сырттай дән риза болып отырдық.

Ж.Барекенова, сауықтыру алаңының басшысы.

Комментарии закрыты.