Қызыққа толы «Балдырған»

Абай атындағы №4 лицей-мектебінде «Балдырған» сауықтыру алаңында ІІ кезеңде 120 бала демалуда. Оның ішінде әлеуметтік жағынан аз қамтылған, көп балалы, асыраушысынан айырылған, арнайы есепте тұрған, дәрігердің бақылауында тұрған балалар бар Күнделікті тамақпен бірге дәрілер, дәрумендер, көкөністер беріледі. «Балдырған» сауықтыру алаңында 3 ойын кабинеті, 1 жатын орны барлық жағдайға сай жабдықталған. Сонымен қатар, оқушыларға спорттық ойындар, жарыстар ұйымдастырылып тұрады.

«Балдырған» сауықтыру алаңына келген оқушылардың барлығы риза, жазғы демалыстарын өте қызықты өткізуде.

А.Дарбызбаева, сауықтыру алаңының басшысы.

Комментарии закрыты.