Сәбиді серуендету керек

Сәбиді таза ауаға шығарудың да өз тәртібі бар. Мәселен, дәрігерлер сәбидің серуендеу уақыты оның туған кездегі салмағына байланысты екенін айтады. Егер сәби 4-5 келі салмақпен туылса, күніне 2-3 сағат серуендетуге болады. Ал 3,5 келі салмақпен туғандарды ауа температурасы 16 градустан жоғары болған кезде ғана далаға шығарған дұрыс.

– Сәбиді бір-екі айдан кейін күніне бес минут таза ауаға шығарып тұру керек. Далаға шығару уақытын күніне 1-2 минуттан ұзартып отырған жөн. Жазғы күндері баланы түскі сағат 10.00-11.00 аралығында сыртқа шығарған пайдалы. Бұл уақытта күннің қызуы төмен, әрі ауа да таза болады. Ал күн қызғанда сәбиді үйде ұстаған абзал. Ең бастысы, баланы ылғал және желді күндері шығармаған жөн. Қыста күн шығып тұрған уақытта, әсіресе, түс мезгілінде серуендеткен дұрыс. Қалалық жерде тұрса, арбамен серуендеткен өте жақсы, – дейді Гүлмира Тұрарқызы.

– Жалпы, жазда сәбиді далаға шығарған өте пайдалы. Тура түскен күн сәулесі бала терісінде Д дәруменінің түзілуіне көмектеседі екен. Алайда, күн көзіне біртіндеп үйреткен дұрыс. Шамадан тыс күн көзінде болу теріні күйдіріп жібереді.

Ізтай Белгібайұлы.

Комментарии закрыты.