Күш-жігер берген «Балдәурен»

20130719-08-3Бірнеше жылдан бері барлық қала мектептерінде жазғы сауықтыру алаңдары ашылып, сол алаңдарда оқушылар жазғы демалыстарын көтеріңкі көңіл-күйде өткізіп келеді. Жылдағы дәстүр бойынша биыл да №3 орта мектепте «Балдәурен» сауықтыру алаңы 50 балаға қамқорлық жасап, демалыстарын тиімді өткізуге жағдай жасады.

Маусым айының басында өз жұмысын бастаған жазғы сауықтыру алаңы жақында бірінші кезеңін аяқтады.

Алаңның бірінші кезеңінің жабылуы салтанатты түрде өтіп, алаңға басшылық жасаған Арайлым Қазиева балаларды алаңның жабылуымен құттықтап, белсенді оқушыларды марапаттады. – Біз балалардың мұндағы демалысын қызықты әрі тиімді өткізу үшін әр тақырыпта ойындар, шығармашылық байқаулар ұйымдастырып, қаламыздағы көрнекті деген жерлерге саяхаттаттық. Балалардың тынығуына, сергіп, күш-қуат алуына арнайы жатын және ойын бөлмелері жабдықталды. Мектептің медбибілері олардың күн сайын денсаулықтарын қадағалап, бақылауда ұстады. Д.Мағзұмова, Жамал Байділдинова, Ақбаян Сыздықова, Ләззат Сералиева сынды тәрбиешілер демалушы балалардың әр күнін қызықты өткізуге тырысты. Мектептің ауласында жақында ашылған футбол алаңында балалар спорттың әр түрінен сайысқа түсті. Осындай көпсалалы алаңды сыйға тартқан қала басшылығына мектеп ұжымының да оқушылардың да алғысы шексіз.

Міне, алаңның бірінші кезеңінде демалған балаларды шығарып салып жатырмыз. Мұнда қатысқан балалардың барлығы да ұйымдастырылған іс-шаралардың бел ортасынан табылып, көтеріңкі көңіл-күйде жүрді, – дейді Арайлым Талдыбайқызы.

Балалардың көңілді ордасына айналған білім ошағындағы «Балдәурен» жазғы сауықтыру алаңының екінші кезеңінде 50 бала демалыстарын ұйымшылдықта қызыққа толы іс-шаралармен өткізуде.

Б.Айтөреұлы.

Комментарии закрыты.