Әр түрлі мәселелер қаралды

Қала әкімі Әнуар Омардың төрағалық етуімен сейсенбі күні кезекті әкімшілік отырысы өтті. Оған қалалық мәслихаттың хатшысы Серік Имамбай, әкімдік мүшелері және мемлекеттік мекеме басшылары қатысты.

Күн тәртібінде 15 сұрақ қаралды. Алғашқы сұрақ бойынша «2013 жылғы 1 наурыздағы №05/59 «Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің құрылуында қатысу туралы» Сәтбаев қаласының әкімдігі қаулысының күшін жою туралы» қаржы бөлімінің басшысы Е.Сәкеев баяндама жасады. Одан әрі әкімдік отырысында «Қарағанды облысы әкімдігінің 2013 жылғы 24 маусымдағы №40/01 «Жергілікті мемлекеттік басқару құрылымы және атқарушы органдардың санының лимиттері туралы» қаулысын жүзеге асыру», «Сәтбаев қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 30 наурыздағы №08/01 «Сәтбаев қаласының әкімі жанынан Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері жөніндегі комиссия құру туралы» қаулысына өзгерістер енгізу», «Жер теліміне жеке меншік құқықтарын беру», «2004 жылғы 30 наурыздағы №10-83/3 Сәтбаев қаласы әкімдігінің қаулысына өзгерістер енгізу және уақытша өтеулі жер пайдалану құқығын беру» және «Қорғаншы тағайындау» туралы мәселелер қаралды.

Барлық қаралған мәселелерге байланысты тиісті қаулылар қабылданды.

М.Шахаева.

Комментарии закрыты.