Қазынашылық-Клиент электронды жобаның тиімділігі

Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан-2050 Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында бюджет саясаты бойынша «Біз бюджет саясатының жаңа принциптерімен қарулануға өз мүмкіндіктеріміз шегінде ғана шығындануға және тапшылықты барынша мүмкіндікте қысқартуға тиіспіз» деген болатын.

Электрондық құжат айналымының «Қазынашылық-клиент» ақпараттық жүйесіне кедергісіз, қиындықсыз көшу үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі жүргізіп отырған реформаның ең маңызды мақсаты – мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыру, мемлекеттік аппаратты ұстауға қаралған шығындарды азайту және нәтижені арттыру. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің стратегиялық даму жоспарында көзделген шараларды жүзеге асыру мақсатында 2011 жылы ҚР ҚМ Қазынашылық комитеті «Қазынашылық-Клиент» электрондық құжатайналымы жүйесі бағдарламалық өнімін «пилоттық» аймақта іске қосу жұмыстарын бастаған еді. «Пилоттық» аймаққа Астана, Алматы қалалары, Ақмола, Қостанай, Қарағанды және Жамбыл облыстары енді. Бұл бағдарламалық өнім «электрондық үкіметтің» құрамдас бөлігі болып табылады және мына мәселелерге ықпал етеді:

1) мемлекеттік мекемелерге қызмет көрсету уақытын қысқарту;

2) қаржылық құжаттарды өңдеу сапасын жақсарту;

3) бюджеттік есеп және бюджетті атқару бойынша есептіліктің қол жетімділігін, толықтығын және өзектілігін қамтамасыз ету;

4) қазынашылық пен мемлекеттік мекемелердің операциялық шығындарын азайту.

2012 жылдың мамыр айынан бастап техникалық жабдықталуы дұрыс деңгейдегі мемлекеттік мекемелерді қосу жұмыстары қайтадан жаңғырды. Сәтбаев қаласы бойынша «Қазынашылық-клиент» электрондық құжат айналымының ақпараттық жүйесіне 19 мемлекеттік мекеме көшті. 2012 жылдың мамыр айынан бастап мемлекеттік мекемелердің төлеуге берілетін шоттарын және азаматтық-құқықтық мәмiленi тiркеуге арналған өтiнiмдерін «Қазынашылық-клиент» электрондық құжат айналымының ақпараттық жүйесіне көшуді бастаған болатын. 2013 жылдың маусым және шілде айында мемлекеттік мекемелердің жоспарлар мен өзгерістердің анықтамаларын «Қазынашылық-клиент» электрондық құжат айналымының ақпараттық жүйесіне көшіру жүзеге асырылды.

Мониторинг деректері бойынша Сәтбаев қаласындағы мемлекеттік мекемелердің «Қазынашылық-Клиент» жүйесіне көшуге техникалық дайындығы 85% пайызды құрап отыр.

Алдағы уақытта Қазынашылық басқармасының 2013 жылғы жұмыс жоспары бойынша жұмыстарды ұйымдастыру, мемлекеттік мекемелерге қызмет көрсету сапасын жақсарту, ҚР Қаржы министрлігінің Стратегиялық және операциялық жоспарда бекітілген тапсырмаларды орындау бойынша «Қазынашылық-клиент» ақпараттық жүйесінің енгізілуі мен таралымын жетілдіру бойынша жұмыстарды ұйымдастыру міндеттері мен мақсаттарын толығымен жүзеге асыру.

Р.Шертаева, Сәтбаев қалалық қазынашылық басқармасы басшысының орынбасары.

Комментарии закрыты.