Енді табалдырық тоздырмайсыз

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев мемлекеттік қызмет көрсету саласы әлеуметтің өскелең талаптарына жауап беріп, соған орай қызмет жасауға тиісті екендігін өз Жолдауында нақты айтқан болатын.

Сәтбаев қаласы ХҚКО 2012 жылдың тамыз айынан бері пилоттық режимде жаңадан 54 мемлекеттік қызмет түрін көрсетіп келеді. Оның ішінде 29 қызмет түрі баламасыз. Яғни, «Заңды тұлғалар, филиалдар мен өкілдіктердің құрылтай құжаттарына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды тіркеу», «Жылжымайтын мүлікке құқық белгілейтін құжаттың телнұсқасын беру», «Салымшының жинақтаушы зейнетақы қорындағы қаржысының қозғалысы жөнінде анықтама беру» сияқты қызметтер. Қалған 25 түрі баламалы. Мысалы: «Қайтыс болуды, оның ішінде АХАЖ актілеріне өзгерістерді тіркеу», «Ұлттық куәландырушы орталықтың тіркеу куәлігін беру және қайтарып алу», т.б.

Қазіргі ақпараттық технологиялар дамыған заманда электронды қызметке сұраныс арта түсуіне байланысты биылғы жылдан бастап тағы да 35 мемлекеттік қызмет түріне пилоттық режимде қабылдау жүргізіліп жатыр. Соның ішінде Сәтбаев қаласындағы тұрғын үй, көлік тасымалдау және автокөлік жолдары бөлімінде көрсетіліп келген «Облыстық және аудандық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы, сондай-ақ, елді мекендердегі автомобиль жолдарының жолақ бөлігінде сыртқы (көрнекі) жарнама орналастыруға рұқсат беру» мемлекеттік қызметі енді ХҚКО арқылы көрсетіледі.

Қажетті анықтама алу үшін немесе қызмет түрін пайдалану үшін әр мекеменің табалдырығын тоздырып жүрмейсіз, ХҚКО-на келіп, электронды сандық қолтаңба алып, қажетті қызметіңізге сұраныс берсеңіз болғаны.

М.Жансүгірова, ХҚКО тәлімгерінің м.а.

Комментарии закрыты.