Тәртіптік кеңестің отырысы

Жуырда Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысындағы Тәртіптік кеңесінің кезекті отырысы өтті. Отырыс барысында «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Бақылау және әлеуметтік қорғау комитетінің Қарағанды облысы бойынша Бақылау және әлеуметтік қорғау департаменті» (әрі қарай – Департамент) мемлекеттік мекемесінде жоспардан тыс жүргізілген тексерістің қорытындылары қаралды.

Тексеріс барысында Департаменттің бірқатар мемлекеттік қызметшілерінен Департамент директорының міндетін атқарушы А.А.Шынтасовтың тарапынан Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Ар-намыс кодексі талаптарын сақтамау фактілері бойынша түсініктер алынды. Аталған лауазым иелерінің түсініктері негізінде А.А.Шынтасовтың тарапынан Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңының 9 бабы 1 тармағының 7 тармақшасын, 20-1 бабы 1 тармағының 2 тармақшасын және Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Ар-намыс кодексінің 5 тармағы 9, 16 тармақшаларының талаптарын жұмыс барысында сақтамайтындығы айқындалды.

Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 31 желтоқсандағы №321 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік әкімшілік қызметшілеріне тәртіптік жаза қолдану Ережесінің (бұдан әрі – Ереже) 25 тармағына қайшы Департамент директорының 2012 жылғы 30 шілдесіндегі №59/1 бұйрығымен құрылған тәртіптік комиссия төрағасы ретінде Департамент директорының міндетін атқарушы А.А.Шынтасов анықталған.

Департаменттің 2012 жылдың қорытындысы бойынша атқарған жұмыстарының сапасы мен көлемі 2013 жылдың 26-29 наурыз аралығында «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Бақылау және әлеуметтік қорғау комитеті» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Комитет) тарапынан тексеріліп, бірқатар заң бұзушылықтар анықталған.

Комитет тарапынан анықталған заң бұзушылықтарға жол берген Департаменттің тиісті инспекторларына шара қолдану жөнінде ұсыныс және акт 2013 жылдың 12 сәуірінде Департаментке келіп түскен.

Ереженің 12 тармағына қайшы Комитеттен 2013 жылдың 12 сәуірінде келіп түскен актідегі Департаменттің бөлім басшысы Е.Х.Дюсенбаевтың тарапынан жол берілген заң бұзушылықтар бойынша Е.Х.Дюсенбаевтан түсінік талап етілмеген.

Сонымен қатар, аталмыш актіде Е.Х.Дюсенбаевтан басқа Департаменттің 12 инспекторының тараптарынан атқарып отырған қызметтеріне сәйкес заң бұзушылықтарға жол бергендіктері анықталған. Департамент директорының міндетін атқарушы А.А.Шынтасовтың 2013 жылдың 30 сәуірдегі №30/1 бұйрығымен аталмыш акті негізінде Департаменттің жетекші маманы А.Ш.Абдрахмановаға ескерту түрінде, 2013 жылдың 5 маусымында №50/1 бұйрығымен Департаменттің бөлім басшысы Е.Х.Дюсенбаевқа сөгіс түрінде тәртіптік шара қолданылған.

Заң бұзушылықтарға жол берген Департаменттің инспекторлары К.С.Кареновтан, А.Жумабековадан, А.Е.Спатаевтан, Г.С.Джумагуловадан және басқа инспекторлардан түсінік талап етілмеген.

2013 жылғы 4 маусымында Департамент жанындағы тәртіптік комиссия отырысында Е.Х.Дюсенбаевқа қатысты жүргізілген қызметтік тексеріс қорытындысы қаралған.

Ереженің 28 тармағына қайшы тәртіптік комиссия отырысында Е.Х.Дюсенбаевтың түсiнiктемесін тыңдамаған.

Ереженің 29 тармағына қайшы Е.Х.Дюсенбаевқа тәртіптік шара қолдану жөнінде ұсынымды Департамент директорының міндетін атқарушы әрі тәртіптік комиссия төрағасы А.А.Шынтасов жеке өзі ашық дауысқа салмай қабылдаған.

Ереженің 37 тармағына қайшы Департамент директорының міндетін атқарушы А.А.Шынтасовтың 2013 жылғы 5 маусымдағы №50/1 бұйрығымен Е.Х.Дюсенбаевқа сөгіс түрінде қолданылған тәртіптік шара терiс қылық жасалған күннен бастап алты айдан кешiктiрiлiп қолданылған.

Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңының 29 бабының 1 тармағына және Ереженің 50 тармағына қайшы Е.Х.Дюсенбаев 2013 жылғы 4 маусымдағы Департамент жанындағы тәртіптік комиссия отырысының №4 хаттамалық шешімімен таныстырылмаған.

Сонымен қатар, Комитет төрағасының 2011 жылғы 28 қазандағы №89/1-ө бұйрығымен бекітілген Департамент директорының орынбасары, бас мемлекеттік еңбек инспекторының (А.А.Шынтасовтың) лауазымдық нұсқаулығының 3.5.14 тармағында өз құзреті шегінде Департаменттің басқарма және мемлекеттік еңбек инспекциясы бөлімдерінің жұмысына жалпы басшылық әрі бақылау жүргізеді, 3.5.22 тармағында Департаменттің басқарма және мемлекеттік еңбек инспекциясы бөлімдері қызметкерлері мен басшыларының лауазымдық міндеттерінің сапалы әрі уақытылы орындалуына тікелей жауапты, 3.5.23 тармағында өз құзреті шегінде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасы Заңының орындалысына, сыбайлас жемқорлыққа қарсы және сыбайлас жемқорлықпен күрес заңнамаларын сақтау жұмыстарын ұйымдастыруды және оның әрі қарай жүзеге асырылуы үшін дербес жауапкершілікте делінген.

Алайда, Қарағанды қаласы Октябрь ауданы прокуратурасының ұсынысы негізінде Департаменттің инспекторы А.Е.Спатаев «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12 бабы 1 тармағының 4 тармақшасының талаптарын бұзғандығы анықталған. Департаменттің инспекторы А.Е.Спатаевтың тікелей басшысы ретінде А.А.Шынтасов лауазымдық нұсқаулығының 3.5.14, 3.5.22, 3.5.23 тармақтарындағы міндеттерді орындамаған.

Осылайша, Департамент директорының міндетін атқарушы А.А.Шынтасов Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңының 9 бабы 1 тармағының 1, 4, 7, 8 тармақшаларын, 20-1 бабы 1 тармағының 2, 7 тармақшасын, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Ар-намыс кодексінің 5 тармағының 2, 9, 11 және 16 тармақшаларының талаптарын бұзған.

Қарау қорытындысы бойынша Тәртіптік кеңес мүшелері заңбұзушылықтарға жол берген тұлғаға тиісті тәртіптік жаза қолдану жөнінде ұсыныс жасады.

Е.Абдрахманов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаменті Инспекция және бақылау бөлімінің консультант-инспекторы.

Комментарии закрыты.