Бүлдіршіндер арасындағы байқау

Бүлдіршіндер арасындағы байқау Тілдер күні нқарсаңында қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі мен білім бөлімінің ұйымдастыруымен №1 «Ертегі» бала-бақшасында «Ана тілі – анам тілі» атты бүлдіршіндер арасында қалалық байқау өтті. Байқауға қаланың бала-бақшаларында тәрбиеленіп жатқан ең кішкентай 16 өнерпаз орындаушылар қатысты. Әр бүлдіршін қазақ композиторарының Отан, ана, туған жер және балалық шақ тақырыптарына арналған әндерін нақышына келтіре орындады. Бұл байқауға сонымен бірге өзге ұлттар өкілдерінің балалары да қатысып, қазақ тілінде ән шырқап, мемлекеттік тілді қалай меңгеріп жүргендерін көрсетті. Құрамында мәдениет және тілдерді дамыту, білім бөлімдерінің, өнер мектебі мен «Шарайна» газетінің өкілдері бар төрелер алқасы жас орындаушылардың өнерін вокалдық шеберлігі, сахнада өзін-өзі ұстауы, киім кию, сырт келбеті бойынша бағалады. Кішкентай бүлдіршіндердің өнерге деген талпыныстарын байқауға жиналған қауым қолпаштап, қошеметтеп отырды. Төрелер алқасының мүшесі, өнер мектебі директорының орынбасары Жанна Шәкірқызы Әміралиева байқау қорытындысын айта келе, осысынақта өнерімен ерекшеленген №22 бала бақшасының тәрбиленушісі Мақста Дүкенбаевты атап өтті. Мақсат қалада өтетін іс-шараларға, байқауларға белсене қатысып, жүлделі орындарды иеленіп жүр. Талабы зор кішкентай Мақсаттың талабына төрелер алқасының мүшелері құтты қадам тілеп, оған қала әкімдігі мен мәдениет және тілдерді адмыту бөлімі атынан Диплом, жұмсақ ойыншық силады. Қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Салтанат Рахметова байқауға қатысқан бір топ бүлдіршіндерді осындай силықтармен марапаттады. Байқау болғасын оның жеңімпаздары, жүлдегерлері де болады. Осы байқауда жүлделі үшінші орын №36 бала бақшаның тәрбиленушісі Әдіят бегімбайға, №26 бала бақшадан Алмаз Әміповке, №33 бала бақшадан Александра Бистроваға берілсе, екінші орынды №12 бала бақшадан Әлия Нұрлан, №1 «Ертегі» баала бақшасының Стас Ан, Руслан Ни және Элдар Шарафутдинов триосы иеленді. Ал, байқау жеңімпазы болып №7 бала бақшасының өнерпазы Аружан Жиенбай жарияланды. Байқау жүлдегерлері де Диплом мен жұмсақ ойыншықтармен марапатталды. Байқау барасында жиналғандар қалалық мәдениет сауықтыру орталығының жас өнерпаздарының концерттік бағдарламасын да тамашалады. М.Әлжаппаров.

Комментарии закрыты.