Азаматтарға сенім артамыз

Елімізде жыл сайын әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыларынан шыққан балаларға қолдау көрсету және жаңа оқу жылының басталуы қарсаңында әлеуметтік себептерге байланысты олардың мектепке бармай қалуының алдын алу мақсатында 1 тамыз бен 30 қыркүйек аралығында республикамыздың жер-жерлерінде «Мектепке жол» акциясы өткізіледі.

Оның мақсаты – аз қамтылған отбасы балаларының оқу жылына мүлтіксіз дайындығын, барлық оқу құрал-жабдықтарының жеткілікті болуын қадағалау.

Шара білім беру мекемелерінде оқумен қамтылмаған балалар­ды анықтап, аз қамтамасыз етілген және көп балалы от­басылардан шыққан оқу­шыларға, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға материалдық көмек көрсетуді көздейді.

«Мектепке жол» акциясы әрбір саналы азаматтың назарынан тыс қалмайды деп сенеміз.

Игі бастама қыркүйек айының соңына дейін жалғасын таппақ. Балаларға қамқорлық көрсетуге жұмыла кірісетін азаматтар көп деген сенімдеміз. Тұрмыс жағдайы төмен отбасыларына қолұшын бергісі келгендер саны арта түссе екен деген тілегіміз бар.

Барлық балалардың мектепке жол табуына көмектесейік!

М.Туримова, №15 орта мектебінің әлеуметтік педагогы.

Комментарии закрыты.