Аула кеші көңілді

Сәтбаев қаласының мәдени-сауықтыру спорт орталығы жаз бойы аула клубтарында демалыс күндері тұрғындардың қатысуымен мәдени-сауықтыру іс-шараларын ұйымдастыруда.

Солардың бірі – жақында «Сарыарқа» аула клубының өнерлі тәрбиеленушілерімен өткен концерттік бағдарлама. Демалыс кешінде балалар аула тұрғындарына театрландырылған көрініс қойып, викторина, т.б. танымдық ойындар ойнады. Ән айтып, би биледі.

Әр жұма, сенбі сайын аула клубтарының маңайында тұрғындардың демалыс күндерін, бос уақытын тиімді және пайдалы өткізу үшін осындай қызықты бағдарламалар, спорттық шаралар ұйымдастырылып тұрады.

(Өз тілшіміз).

Комментарии закрыты.