Құрышқолдылар үлесі қомақты

Жексенбі күні еліміздің құрышқолды жандары өздерінің кәсіби мерекесі – Құрылысшылар күнін атап өтпек. Осынау мерейлі мерекені қала құрылысшылары қандай жетістіктермен қарсы алып отыр? Алда қандай межелер белгіленген? Мереке қарсаңында біз осы жайттарды бір сараптап өткен едік.

Қолжетімді баспана

Үстіміздегі жылы қаламызда «Қолжетімді баспана – 2020» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында қаржыландырудың барлық көздерінен 8951 шаршы метр тұрғын үй салып, пайдалануға беру жоспарланған. Бірінші жарты жылдықта 4564 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріліп, жоспар 101 процентке орындалған. Бұл жұмыстар Наурыз көшесіндегі жалпы көлемі 2969 шаршы метр болатын тұрғын үй мен 1595 шаршы метрді құрайцтын 11 жеке тұрғын үйлер құрылысы негізінде жүзеге асырылып отыр.

Қалада тұрғындарды баспанамен қамтамасыз етудің барлық жолдары қарастырылуда. Атап айтқанда, ағымдағы жылы жалпы көлемі 2100 шаршы метр болатын жалдамалы тұрғын үй сатып алу үшін 167 198,0 мың теңге көлемінде қаржы бөлінді. Ол үшін арнайы конкурс жарияланды. Мұның сыртында 2012 жылғы бағдарлама аясында 56 пәтерлі, 4 қабатты екі тұрғын үй құрылысының жобалық-сметалық құжаттары дайындалды. Осы жобалар бойынша Қарағанды облысының құрылыс басқармасына құны 449 547,2 мың теңге болатын бюджеттік өтінімдер ұсынылды.

Тұрғын үй жинақ банкі жүйесі бойынша жас отбасылар үшін тұрғын үй салу бағытында да жұмыстар атқарылуда. Осы орайда үстіміздегі жылы жергілікті бюджет қаржысы есебінен (5 241,0 мың теңге) жалпы көлемі 1016 шаршы метр болатын 16 пәтерлі 4 қабатты тұрғын үй құрылысының жобалық-сметалық құжаттамасы дайындалуда. Жобаны «ГрандПроект» ЖШС жасап отыр. Құжаттар үстіміздегі жылдың соңына дейін дайын болмақ.

Инженерлік желілер

Кеншілер қаласында жекеменшік тұрғын үй құрылысын қарқынды жүргізу үшін де қолайлы жағдайлар жасалуда Осы мақсатта жаңа құрылыстар үшін инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамытудың арнайы бағдарламасы да жасалған. Бағдарлама бойынша «Сәтбаев қаласының Батыс тұрғын үй ауданының инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымын дамыту» нысанына 61 000,0 мың теңге бөлінді. Қазіргі таңда аталған аймақта 6 кВт желісіне 14 дана, 0,4 кВт желісіне 46 дана баған, 44 дана шырақ орнатылды. Сондай-ақ, қуаттылығы 400 кВт болатын 1 кешенді трансформаторлық станция орнату жұмысы аяқталып келеді.

Батыс тұрғын үй ауданы үшін екінші кезектегі су құбыры және кәріз желісінің құрылысы үшін арнайы жобалық-сметалық құжаттама да дайындалды. Ол үшін мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынды. Нәтижесінде бұл жұмыстарды «Ақ бұлақ» бағдарламасына қосу үшін Қарағанды облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасына құны 145 259,52 мың теңге болатын бюджеттік өтінім ұсынылды.

Әлеуметтік нысандар

Соңғы жылдары Сәтбаев қаласында әлеуметтік маңызды нысандар құрылысы да қарқын алып келеді. Бұл қала сәулетіне сән беріп, оның кең қанат жаюына оң ықпалын тигізуде. Қала орталығында суда орындары, мейрамханалар мен дәмханалар, басқа да әлеуметтік нысанар көптеп салынып, елге игілігін көрсетуде. Мәселен, «Кеңдала», «Арман», «Гермес», «Дом техники» сауда үйлері мен «Магнит» шағын маркеті, «Мұрагер», «Ханзада» сынды мейрамханалар, өзге де шағын және орта бизнес нысандары көпшіліктің көп шоғырланар орнына айналған.

Қалада автокөлік иелері үшін автобөлшек дүкендері мен сервистік орталықтар, автокөлік жуу орындары да кең қанат жайып келеді. Мұндай орындар соңғы кездері Ұлытау көшесіндегі авто жуу, Гурба көшесіндегі автобөлшектер дүкені, Ерден көшесіндегі автосервис, автотұрақ, Ұлытау көшесіндегі автокешен нысандарымен қатарларын толықтыруда.

Әлеуметтік нысандар құрылысы алдағы уақытта да қанатын жая түспек. Таяу уақыттарда Комаров көшесіндегі дүкеннің, Абай көшесіндегі көңіл көтеру кешенінің құрылысы аяқталып пайдалануға берілмек. Сондай-ақ, Сәтбаев даңғылында сауда-көңіл көтеру мега-орталығы, Ерден көшесінде қонақ үй кешені, Абай көшесінде балалар аттракционы салынбақ.

Міне, қаланың көркейіп, оның сәулетінің жақсара түсуіне құрышқолдылар осындай қомақты үлестерін қосып отыр.

Ізтай Белгібайұлы.

Комментарии закрыты.