Кітап әлеміне саяхат

Сәтбаев қаласының Балалар мен жасөспірімдер кітапханасының кітапханашылары Б.Толқымбекова мен Г.Соколик «Кітаптар әлемі шақырады» атты саяхат ойынын ұйымдастырды. Оған Сәтбаев қаласының мүмкіндіктері шектеулі балалары мен ата-аналар қатыстырылды.

Іс-шара барысында балаларға ертегілерден үзінді оқылып, кейіпкерлерден жұмбақ жасырылды. Қойылған сұраққа балалар белсене жауап қайырып, түрлі ойындар ойнаумен аяқталды.

Іс-шараның мақсаты – балалардың кітапқа деген қызығушылығын арттыру, кітаптың адам өміріндегі маңызы, ғылым мен білімнің пайдасы жайлы түсіндіру, оқулықты құрметтей білуге, ұқыптылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу. Кітапхана ұжымы осы мақсатқа қол жеткізіп, ата-аналардың алғысын алды.

(Өз тілшіміз).

Комментарии закрыты.