Мерекеге ән шашу

Еліміз бойынша 11 тамыз күні құрылысшылар өздерінің төл мерекесін атап өтті. Зәулім ғимараттардан бастап, тұтас қаланың бой көтеруінде өзіндік қолтаңбалары бар құрышқолды құрылысшыларға деген құрметтерін қаламыздың жас өнерпаздары ән мен бимен жеткізді.

Өткен сенбі күні спорттық сауықтыру кешенінің алдында өткен мерекелік концертті «Нұршашу» би тобы ашты. Ән, бимен әспеттелген концерттік бағдарламада Зұлқарнай Сүлейменов, Мақсат Қанатұлы мен Халифа Төлеу, Аружан Маратова, Ақмоншақ Махамбет, Гүлманат Қашқынбаева, Салтанат Серкебаева, Жансая Керменбаева сондай-ақ, мәдени-сауық орталығының жанынан құрылған вокал үйірмесінің кішкентай әнші-биші балапандары өнерлерін көрсетті.

Кешкілік концерттік бағдарламаны тамашалауға жиналған қала тұрғындары жас өнерпаздардың өнеріне риза болып, ыстық ықыластарын білдіріп жатты.

Бұл күні сондай-ақ, қаламыздағы үлгілі өнер ұжымдарының бірі – үрмелі аспаптар оркестрі де өздерінің ән қоржындарындағы бірнеше ұлттың әндерін орындап, кешенге жиналған көпшілікке мерекелік көңіл-күй сыйлады.

Бағдат Айтөреұлы.

Комментарии закрыты.