Заңдарды талқылады

Сәтбаев қалалық қазынашылық басқармасында мекеме бастығы Б.Шәкеновтың төрағалық етуімен қызметшілердің оң имиджін қалыптастыру және мемлекеттік қызметтің қадірін көтеру, этикалық тәртібін нығайту мақсатында басқарма қызметкерлерімен отырыс өтті. Отырыста басқарма қызметкерімен Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 3 мамырдағы №1567 Жарлығымен бекітілген мемлекеттік қызметшілердің «Ар намыс» Кодексі, Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» және «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңдары талқыланды. Алдымен сөз алған қазынашылық басқарма бастығының орынбасары Р.Шертаева мемлекеттік қызметшілер өз қызметінде Қазақстан Республикасы Президентінің саясатын жақтауға оны жүзеге асыруға, Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілеріне сүйене отырып заңдылықтарды басшылыққа алуға, мемлекеттік және еңбек тәртібін бұлжытпай сақтауға, өзінің қызметтік міндеттерін адал, әділ де сапалы атқаруға міндетті екендерін айтты. Сонымен қатар, Кодексте көрсетілген талаптарға тоқталып, көзделген талаптаржы бұзғаны үшін мемлекеттік қызметшілер Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жауапкершілікке тартылуы мүмкін деп атап көрсетті. Төлем шоттарды бекіту, бақылау және есеп беру тобының бас қызнашысы Г.Әбдікәрімова сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылық субъектәлерін, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің негізгі принциптерін атап өтті. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылық үшін жауапкершілік, сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын құқық бұзушылықтар туралы мәселелерге тоқталып өтті. Алдын ала бақылау, қолма-қол ақшамен қамтамасыз ету және төлем шотарды енгізу тобының бас қазынашысы Г.Әлбатырова мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік қызмет туралы заңдарына, мемлекеттік қызметтік принциптеріне, берілген Заңның қолданылуы туралы, мемлекеттік қызметшілердің негізгі міндеттерін атады. Отырыс соңында басқарма бастығы Б.Шәкенов мемлекетік қызметші адал да қалтқысыз, мемлекет пен қоғам алдында үлкен жауапкершілікпен қызмет етуге, әрбір минутты тиімді пайдалануға, моральдық этиканы сақтауға, сыбайлас жемқорлыққа жол бермеуге міндетті деп, жиналысты қорытындылады.

Комментарии закрыты.