«Қазақ тарихы алтынмен жазылған»

«Қазіргі тарихшыларға ерен біліктілікпен бірге табанды азаматтық позиция керек. Көкейтесті мәселелерді ұлтшыл жігіттер бір-біріне ғана айтпай, жалпақ жұртшылыққа жариялауы, көпшіліктің құлағына сіңіруі қажет. Соны айтатын мінбер керек.

Бүгінге дейін қазақ даласынан 6 «Алтын адам» табылды. Әлі талай «Алтын адам» табылады. Ол әлі 16-20-ға жетуі мүмкін. Бұл өзгелердің тарихы «таспен», «қоламен» жазылса, қазақтың тарихы «алтынмен» жазылғанын көрсетеді. Жалпы, ұлтымыздың тарихын адамзат мәдениетінің бастауы болған 5 мың жылдық тарихы бар Ботай мұрасынан бастау керек. Көшпелілер руханиятының әлемдік өркениет дамуына қосқан үлесін баса көрсете білу керек»,– дейді Серік Ерғали. Мәдениеттанушы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қазақ тарихына жасап келе жатқан қамқорына және тікелей Елбасының нұсқауымен қабылданған «Мәдени мұра» бағдарламасы атқарған қызметіне қоғам қайраткері ретінде зор алғысын білдіреді.

Комментарии закрыты.