Жезқазғаннан жүлделі оралды

Жақын арада Жезқазғанда бокстан қала біріншілігі өтті. Оған жезқазғандықтармен бірге Кеңгір селосының және Сәтбаев қаласының балалар және жасөспірімдер спорт мектебінің түлектері қатысты. Шаршы алаңда былғары қолғап түйістіруге 1996-1999 жылы туылған жас боксшылар қатыстырылды. Сәтбаевтық спортшыларды бұл жарысқа Қарағанды спорт колледжінің түлегі, спорт шеберлігіне кандидат Сұлтан Жұмабек дайындады. Кезінде Сұлтан республикалық, халықаралық жарыстарда шыңдалып, жүлделі орындардан да көрініп жүрді. Қазір Сұлтанның Жезқазған поселкесіндегі жас боксшыларды буалап жүргеніне де көп болған жоқ. Сонда да болса жас жаттықтырушының түлектері әжептәуір табыстарға жете бастады. Оған дәлел – Жезқазғандағы жарыста бірнеше сәтбаевтықтардың жүлделі орындардан көрінуі. Бапкер С.Жұмабектің шәкірті Әсет Алпысбаев (салмақ дәрежесі – 34 кг) бірінші орынды жеңіп алса, Дарын Семембай (32 кг) мен Нұрболат Сапарбай (26 кг) жүлделі екінші орынды иеленді. Жүлдегерлер Жезқазған қалалық дене шынықтыру мен спорт бөлімінің атынан медальдар мен Мақтау грамоталарымен марапатталды. Болашақта сәтбаевтық жас боксшылардың шеберлігі одан сайын өсіп, дүбірлі жарыстарда биіктен көрінуіне тілектеспіз.

Комментарии закрыты.