Жаңа оқу жылының жақсылықтары

Оқушылардың жан-жақты білім алуы келешегіміздің кемелдігінің айқын белгісі. «Мектепке жол» акциясы – республика көлемінде қанатын кеңге жайған ізгі шаруалардың бірі. Отбасының жағдайы төмен немесе толық емес, сонымен қатар қамқорлыққа алынған оқушыларға материалдық көмек беру биылғы жылы да Ы.Алтынсарин атындағы №19 орта мектепте жалғасын тапты. Мектеп формасымен, түрлі оқу құралдарымен қамтамасыз етілген оқушылар қуанышқа кенелді.

Атап айтсақ, Дәуренбек Буланбаев өзі жетекшілік ететін 8 «А» сынып оқушысы Кенжебекова Ақботаны оқу құралдарымен қамтамасыз етсе, 8 «В» сынып жетекшісі Ақмарал Джанасбаева сыныбындағы Шишова Индираға мектеп формасы мен оқу құралдарын алып берді.

Осындай жомарт ұстаздардың игі істері арқасында жас жеткіншектеріміз бір қуанып, мектепке баруға жол тапты.

А.Баймужанова, Ы.Алтынсарин атындағы №19 орта мектептің әлеуметтік педагогы.

Комментарии закрыты.