Жаны жомарт кәсіпкерлер

20130823-08-3-1Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бастамасымен жүзеге асып келе жатқан «Мектепке жол» республикалық акцияның барысында №4 Абай атындағы мектеп-лицейдің жүзден аса оқушысы кәсіпкер-лердің қамқорлы-ғының арқасында мектепке қажетті құрал-жабдықтармен қамтылды.

Олардың қатарында әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыларының балалары, ата-анасынан айырылған балалар бар. Жетімін жебеп, көңілі қамығулы балапандардың мектепке бару бақытына қол ұшын берген «Бірлік», «Нағима», «Жетісу», «Ғалым», «Әділ», «Кристина», «Атамұра», «Универсам» дүкендерінің иелері мол сауапқа кенелді. Оның сыртында мектеп ұжымы да өз оқушыларына қамқорлығын аямады.

– Мектеп партасына отырып, білімнің кәусар бұлағына қанығуды мұрат еткен балаларымызға кейде материалдық тұрғыдан қолбайлау кедергі келтіретіні шындық. Алты жылдың ішінде осы акция аясында қаншама бала мектепке баруға мүмкіндік алды?! Осы мүмкіндіктерге қол жеткізуге ықпал еткен кәсіпкерлеріміздің қосқан үлестері ерекше. Біз осы кәсіпкерліктің тізгінін ұстаған азаматтардың кәсібіне мол табыс тілейміз. Әсіресе, осы акция жүзеге асқаннан бері біздің ұжыммен қоян-қолтық еңбек етіп жүрген «Бірлік» дүкенінің иесі Нүрия Қалжанова балаларымыздың жаңа оқу жылына сақадай-сай келуіне өз үлесін қосуда. Жомарттық танытқан жомарт кәсіпкерлерге мектеп ұжымы дән риза – дейді мектеп психологы Елена Баржақсынова.

Жомарттықты, қайрымдылықты басты адами құндылығымыз деп санаған осы кәсіпкерлердің ісін өзгелер үлгі тұтып, көмек қолын созып жатса нұр үстіне нұр болар еді.

Бағдат Қазкенов.

Комментарии закрыты.