Акциядан шет қалмаңыз!

Алтыншы жыл қатарынан елімізде жүзеге асып келе жатқан «Мектепке жол» республикалық акциясы мектепке баруға мүмкіндігі жоқ талай оқушының құрал-жабдығының, киім-кешегінің түгелденіп, мектепке сақадай сай баруына мол мүмкіндік берді.

Бұл акцияның шапағатын биыл да біздің мектептің оқушылары көруде. Мектеп ұжымы әлеуметтік жағынан аз қамтылған 3 оқушыны оқу құралдарымен толық қамтамасыз етті. Жақсының шарапатын, балаларға деген қамқорлығын әсте ұмытуға болмас. Биылғы жылғы акциядан қаламыздың кәсіпкер азаматтары да тыс қалмай, өз көмектерін көрсетуде. Атап айтар болсақ, «Жанерке» дүкенінің иесі Аманғали Ысқақов 2 оқушыны оқу құралдарымен толық қамтамасыз етсе, «Райян» дүкенінің иесі Назым Дәулетбаева 2 оқушыға сөмке алып берді. Акция аясында мектеп ұжымымен қатар, балалардың мектепке баруына көмектескен қос кәсіпкердің еңбегіне табыс тілеп, ата-аналар атынан ризашылығымызды білдіреміз. Ауқымды шараның талайға шарапаты тиіп жатқаны анық. Сол сауапты істен сіз де шет қалмаңыз, ағайын.

А.Сыздықпаева, №3 орта мектептің әлуметтік педагогы.

Комментарии закрыты.