Шахтерлар мерекесін тойлаймыз

Кеншілер қаласы тұрғындарының бірден бір құрметті де қуана күтетін мерекесі – Шахтерлар күні. Себебі, біздің кеншілеріміз өздерінің ерен еңбегімен қаламыздың, еліміздің экономикасының өсіп-дамуына, қазақстандықтардың тұрмыс жағдайларының өркендеуіне қомақты үлес қосуда.

Жыл сайынғы дәстүрмен биыл да бұл мереке қаламызда кең көлемде, биік деңгейде тойланбақ. Тау-кен кәсіпорындарындағы барлық еңбек ұжымдарында кеншілерге құрмет көрсетіліп, қаланың орталық алаңындағы «Сулпак» сауда үйінің алдында түрлі мерекелік шаралар өткізіледі.

23 тамыз күні «ТЖЭМ» мейрамханасында еңбек ардагерлері мен озаттарға арнап мерекелік дастархан жайылады.

24 тамыз күні қала тұрғындары мен қонақтары Ш.Ділдебаев атындағы Кеншілер сарайында өтетін салтанатты жиналысқа қатысып, концерттік бағдарламаны және киіз үйлердің алдындағы түрлі мәдени-спорттық шараларды тамашалайды.

Ал, кешкі сағат 20.00-ден түнгі 24.00 сағатқа дейін Қазақстан эстрадасының жұлдыздары Ақылбек Жеменей, Мөлдір Әуелбекова, «Арнау» дуэті, «Жігіттер», «Заман», «Мәссаған» топтарының және ресейлік әнші Нюшаның өнерлерін қызықтайды.

25 тамызда күні бойы Спорттық сауықтыру кешенінде «Жезқазғантүстімет» ӨБ еңбекшілерінің арасында спорттық жарыстар өткізіледі.

Келіңіздер, көріңіздер!

М.Смағұл.

Комментарии закрыты.