Бірнеше мәселелер қаралды

Өткен аптада Сәтбаев қалалық мәслихатының ХХ сессиясы өтіп, оған қала әкімі Әнуар Омар, мәслихат хатшысы Серік Имамбай, депутаттар мен мемлекеттік мекеме басшылары қатысты.

Сессияға төрағалық еткен мәслихат депутаты Сұлтанбек Мырзақоңыров қатысушыларды күн тәртібіндегі мәселелермен таныстырды. Сессияда қаланың тыныс-тіршілігіне қарасты 13 сұрақ қаралды. Алғашқы басты мәселе – «Сәтбаев қаласы әкімінің өзіне жүктелген функциялар мен міндеттерді орындауы жөніндегі есебі» бойынша қала басшысы Ә.Омардың депутаттар алдында баяндамасы тыңдалды.

Күн тәртібіндегі келесі мәселе «2013-2014 жылғы жылу беру маусымына дайындық туралы» қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімінің сектор меңгерушісі Ғ.Сүтбаев мәлімет берді.

Сонымен қатар, сессия жұмысында «Сәтбаев қалалық мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі округтік сайлау комиссияларының жаңа құрамын сайлау туралы» қалалық мәслихаттың 2009 жылғы 24 сәуірдегі XVIII сессиясының №219 шешіміне өзгеріс енгізу», «Сәтбаев қаласы әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссияның құрамын бекіту», «Құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі комиссия құрамын бекіту туралы» қалалық мәслихаттың 2010 жылғы 20 тамыздағы XXVIII сессиясының №349 шешіміне өзгерістер енгізу» және «Сәтбаев қаласының Еуропалық одақтың мэрлер келісімі бастамасына қосылуы туралы» мәселелер қаралып, тиісті шешімдер қабылданды.

Қалалық мәслихаттың келесі ХХІ сессиясының төрағасы болып №6 сайлау округінің депутаты Тоғызбай Тәжбенов сайланды.

М.Шахаева.

Комментарии закрыты.