Мемлекетке мінсіз қызмет

Сәтбаев қалалық қазынашылық басқармасында «Мемлекеттік міндет – мінсіз қызмет» тақырыбында отырыс өткізілді.

Отырысқа басқарма басшысы Б.Шәкенов төрағалық етті. Операциялық топтың бас қазынашысы Г.Әбдікарімова осы тақырыпта баяндама жасап, мемлекеттік қызмет туралы заңның қызмет барысында қолданылуы, мемлекеттік қызметшілердің қарым-қатынас этикасы туралы айтып, аталған заңда мемлекеттік қызметшілердің негізгі принциптері жайлы түсіндірді. Сонымен бірге, мемлекеттік қызметшілердің негізгі міндеттеріне тоқталып өтті. Мемлекеттік қызметшілер Республиканың Конституциясы мен заңдарын сақтауға, Қазақстан Республикасының Президенті бекіткен тәртіппен мемлекеттік қызметшінің антын беруге, азаматтар мен заңды тұлғалар құқықтарының, бостандықтары мен заңды мүдделерінің сақталуын және қорғалуын қамтамасыз етуге міндетті екендеріне тоқталды. Қызметшілердің өздеріне берілген құқықтар шегінде және міндеттеріне сәйкес өкілеттігін жүзеге асыру мемлекеттік тәртіп пен еңбек тәртібін сақтау, заңда көрсетілген шектеулерді қабылдау, қызметтік әдеп нормаларын сақтау, мемлекеттік құпияларды және заңмен қорғалатын өзге де құпияны сақтау, мемлекеттік меншіктің сақталуын қамтамасыз ету керектігін айтып өтті.

Баяндама соңында басқарма қызметкерлері өзара пікір алмасты. Олар мемлекеттік қызметшілердің этикасы, өзінің қызметтік міндеттерін атқару кезінде киім киюдің іскерлік стилін ұстануы туралы, жалпы ар-намыс, адамгершілік туралы ойларымен бөлісті.

Операциялық топтың бас қазынашысы Г.Әбдікәрімова өз сөзінде «біз мемлекеттік қызметші ретінде мемлекет пен қоғам алдында үлкен жауапкершілікпен еңбек етуге тиіспіз. Әр мемлекеттік қызметші өз жұмысында заң принциптерін ұстанады деп ойлаймын» деген ойын білдірді.

Отырысты қорытқан басқарма басшысы мемлекеттік қызметшілер өз қызметінде Қазақстан Республикасы Президентінің саясатын жақтауға, нормативтік-құқықтық актілерге сүйене отырып, заңдылықтарды басшылыққа алуға, өзінің қызметтік міндеттерін адал және сапалы атқаруға міндетті екенін естеріне салды.

(Өз тілшіміз).

Комментарии закрыты.