Тууды тіркеу

Мемлекеттік қызмет халыққа қызмет көрсету орталықтары (ХҚКО) және аумақтық әділет органдары (уәкілетті орган) арқылы көрсетіледі.

Мемлекеттік қызметті заңмен белгіленген мерзім ішінде көрсету кезінде келесі құжаттар тізімі талап етіледі:

бекітілген нысандағы өтініш;

анасының жеке басын куәландыратын құжаттың түпнұсқасы мен көшірмесі;

әкесінің жеке басын куәландыратын құжаттың түпнұсқасы мен көшірмесі;

келесі құжаттардың бірі:

ата-аналарының неке қию туралы куәлігінің түпнұсқасы мен көшірмесі;

некеде тұрмаған анасының өтініші;

емдеу мекемесінің баланың тууы туралы анықтамасы.

Туу туралы өтініш азаматтық хал актілерін жазу бөліміне бала туған күннен бастап екі айдан кешіктірілмей, ал бала өлі туған жағдайда босану сәтінен бастап бес тәуліктен кешіктірілмей беріледі.

Мемлекеттік қызмет көрсетуге мемлекеттік баж төленбейді.

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі екі жұмыс күні (құжаттарды қабылдау және беру күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді).

А.Шыңғысова, ХҚКО жинақтаушы бөлімнің бас маманы.

Комментарии закрыты.