Кәсіпкерлерге рахмет!

Биыл 6-шы рет Республикалық «Мектепке жол» акциясы өткізілуде. «Мектепке жол» акциясынан №7 орта мектебі де тыс қалып жатқан жоқ. Акцияны іс жүзіне асыруға арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес және бала құқығының бұзылуы туралы деректерді анықтау, кәмелетке толмағандардың арасында қылмыс және құқық бұзушылық, балалар еңбегін заңсыз пайдалану, қаңғыбастықтың алдын алу, көп балалы, жағдайы төмен отбастарының, жетім балалар, ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға әлеуметтік көмек көрсету және оқушының белгілі бір себептермен мектепке келмеуін анықтау мақсатында №7 орта мектебінің әлеуметтік педагогі және басқа мектептердің мұғалімдерінің қатысуымен рейдтік іс-шаралар өткізіледі.

Мектеп мұғалімдері 6 оқушыға кеңсе тауарлары мен сумка алып берсе, жеке тұлғалар Т.Гумарова 1 оқушыға аяқ киім және 3000 теңге көлемінде, Е.Филимонова 4000 теңгеге көмек қолын созды. Жеке кәсіпкер М.Бахбергенова 1 оқушының формасын тіктіріп берді. Акциядан шет қалмай көмек қолын созған азаматтарға алғысымызды жеткізе отырып, әлі де қала тұрғындары мен жеке кәсіпкерлерден көмек күтеміз.

Қ.Кульмагамбетова, №7 орта мектебінің әлеуметтік педагогі.

Комментарии закрыты.