Сотта өкілдік ету

Қазақстан Республикасының азаматтары заңда қарастырылғандай өз істерін сотта өздері немесе өкілдері арқылы жүргізуге құқылы, сондай-ақ, азаматтың іске өзінің қатысуы оның бұл іс бойынша өкілі болу құқығынан айырмайды.

Сотта өкілдік ету – бұл басқа тұлғаның мүддесін және оның атынан бір тұлғаның процессуалдық іс-әрекеттер жасауы.

Сотта өкіл етуші деп өкілдік берушінің мүддесіне және оның атынан өзіне берілген өкілеттігі шегінде процессуалдық әрекеттер жасайтын әрекет қабілеттілігі бар тұлғаны айтамыз.

Әрекетке қабілетсіз азаматтардың, әрекет қабілетіне толық ие емес немесе әрекетке қабілеті шектеулі деп танылған адамдардың құқықтарын, бостандықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін сотта өздерінің өкілеттіктерін куәландыратын құжаттарды сотқа көрсететін ата-аналары, асырап алушылары, қамқоршылары немесе қорғаншылары қорғайды.

Хабар-ошарсыз кеткен деп белгіленген тәртіппен танылған азамат қатысуға тиісті іс бойынша, оның өкілі ретінде хабар-ошарсыз кеткен адамның мүлкіне қамқорлықты жүзеге асыратын адам қатысады.

Қайтыс болған немесе қайтыс болды деп белгіленген тәртіппен жарияланған адамның мұрагері қатысуға тиісті іс бойынша, егер мұраны әлі ешкім қабылдамаса, мұрагердің өкілі ретінде мұралық мүлікті қорғау мен басқару үшін тағайындалған сақтаушы немесе қамқоршы қатысады.

Заңды өкілдер заңда көзделген шектеулермен өкілдік етушілердің атынан жасау құқығы өкілдік берушіге тиесілі барлық іс жүгізу әрекеттерін жасайды. Заңды өкілдер істі сотта жүргізуді басқа өкілге тапсыра алады.

Тапсырма бойынша сотта өкіл бола алатындар:

адвокаттар; заңды тұлғалардың істері бойынша осы заңды тұлғалардың қызметкерлері; құқықтары мен мүдделерін қорғауды кәсіптік одақтар жүзеге асыратын жұмысшылардың, қызметшілердің, сондай-ақ басқа да адамдардың істері бойынша осы кәсіптік одақтардың уәкілетті адамдары; заңмен, жарғымен немесе ережемен осы ұйымдар мүшелерінің құқықтары мен мүдделерін қорғау құқығы берілген ұйымдардың уәкілетті адамдары; заңмен, жарғымен немесе ережемен басқа адамдардың құқықтары мен мүдделерін қорғау құқығы берілген ұйымдардың уәкілетті адамдары; басқа тең қатысушылардың тапсырмасы бойынша тең қатысушылардың біреуі және іске қатысушылардың өтінуімен сот рұқсат еткен басқа да адамдар.

Сенімхатқа, заңдарға, сот шешімдеріне не әкімшілік актісіне негізделген істі сотта жүргізуге тиісінше ресімделген өкілеттігі бар әрекетке қабілеті кез-келген адам сотта өкіл бола алады.

Ұйымдардың ісін сотта оларға заңмен, өзге нормативтік құқықтық актілермен немесе құрылтай құжаттарымен берілген өкілеттіктердің шегінде іс-әрекет жасайтын олардың органдары және тиісті өкілеттіктер берілген олардың өкілдері жүргізіледі. Заңды тұлғалардың басшылары сотқа олардың қызметтік жағдайын немесе өкілеттіктерін куәландыратын құжаттар береді. Заңды тұлғаның органы тиісті өкілеттік берілген басқа өкілдермен бірге іске қатыса алады.

Заңды тұлғаның атынан сенімхатты тиісті заңды тұлғаның басшысы немесе өзге уәкілетті адамы береді.

Адвокаттың нақты іс жүргізуге арналған өкілеттігі заң косультациясы немесе адвокаттық кеңсе берген ордермен, ал ол өз қызметін дербес жүргізген жағдайда адвокат клиентпен жасасқан шартпен куәландырылады.

Адвокатура туралы заңдармен белгіленген ережелерді бұза отырып, заң көмегін көрсету туралы тапсырма алған адвокаттар сотта өкіл бола алмайды.

Б.Құдайбергенқызы, Сәтбаев қалалық сотының кеңсе жетекші маманы.

Комментарии закрыты.