Құқықтық қатынастар

Қазақстан өз тәуелсіздігін алғалы бері халықаралық қатынастар процесіне белсене қатысуда. Жас мемлекет үшін халықаралық шарттық қатынастарда болу біріншіден, өзіндік міндеттердің жүктеліп, екіншіден, үлкен жауапкершіліктің артылып отырғанын білдіреді. Халықаралық байланысты дамыту жолында Қазақстан Республикасы халықаралық көрмелерге, семинар, конференцияларға қатысудан бастап, жоғары деңгейдегі әлемдік аренада мәселелі сұрақтардың көтерілуі мен халықаралық ұйымдармен келіссөздер жүргізілуіне дейін айтулы қадамдар жасап келеді.

Халықаралық келісімдер дегеніміз – орындалуы міндетті, халықаралық қауымдастық мүшелерінің арасында, мейлі ол егеменді мемлекеттер болсын немесе халықаралық ұйымдар болсын кез келген келісім-шартқа отыру. Жеке келісім-шарттар сотқа шағына алады. Ал халықаралық келісімдер ешқандай соттың құзырына кірмейді.

Азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, бостандығын және заңды мүдделерін соттың қорғауын қаматамасыз етуде халықаралық шарттар маңызды рөл атқарады, сондықтан, қажет жағдайларда соттар Қазақстан Республикасы юрисдикциясы шеңберінде халықаралық құқық нормаларын басшылыққа алуға міндетті.

Қазақстанның аумағында тұрақты немесе уақытша көптеген шет ел азаматтары және азаматтығы жоқ тұлғалар тұрып жатыр, сонымен қатар, шет ел және халықаралық ұйымдар, олардың филиалдары, өкілдері бар.

Қазақстан Республикасының аумағында жүрген шет ел азаматтары құқық туралы даулардың туындауынан әр түрлі жағдайларға тап болып жатады. Заңнамаларда көрсетілгендей, шет елдік құқық субъектісінің қатысуымен құқықтық мәселелер бойынша туындаған даулар Қазақстан Республикасының соттарымен қаралуға және шешілуге жатады.

Шет ел азаматтарының және азаматтығы жоқ тұлғалардың, шет ел және халықаралық ұйымдардың қатысуымен өткізілетін істер бойынша сот өндірісі ҚР АІЖК-і және басқа да заңдарға сәйкес жүзеге асырылады.

Құқықтық көмек көрсетуге байланысты барлық хат алмасулар мемлекеттік немесе орыс тілінде жүргізіледі, бірақ жолданатын құжаттар мен сол мемлекеттің тілінде немесе орыс тілінде құралады.

Г.Алтынмұратова, Сәтбаев қалалық сотының жетекші маманы.

Комментарии закрыты.