Жаңа кітаптар насихатталды

20130830-16-3-1Жақында Балалар мен жасөспірімдер кітапханасының кітапханашылары Толқымбекова Бибігүл мен Соколик Гаухар №33 балабақшасының ересектер тобымен «Сіздерге, балалар, жаңа кітаптар» атты флеш-моб ұйымдастырды.

Іс-шараның мақсаты – келешек оқырмандар ретінде бүлдіршін балаларды кітапханаға түскен жаңа кітаптармен таныстырып, қітапқа деген сүйіспеншілігін арттыру, кітапты қалай қолдану керек екенін түсіндіру. Сонымен қоса, балабақша тәрбиешілеріне кітапханадағы жаңа түскен мерзімді басылымдарды тәрбие құралы ретінде насихаттау. Іс-шарада балалар ертегі кітаптармен танысып, түрлі жұмбақтар шешті. Қазақ және орыс тілдерінде өткен ойында балалар тілдерін дамытумен қатар, көп нәрсені үйренді.

Ойын барысында «Қуырмаш», «Әжемнің ертегілері», «Жыл он екі ай», «Әліпби», «Бәрінен де қымбатты», «Теңіздегі тіршілік», «Парсы патшасы және теңіз патшайымы» тағы да басқа кітаптар насихатталды.

(Өз тілшіміз).

Комментарии закрыты.