Ауыл жастарының Х форумы

20130830-16-1-1Үстіміздегі жылдың тамыз айының 16-17 күндері Жаңаарқа ауданының Атасу кентінде Қарағанды облысы ауданының жастары өкілдерінің қатысуымен Ауыл жастарының Х облыстық форумы өтті. Облыстық ауыл жастары форумында аймақтық жастар саясаты бағдарламасының жүзеге асырылу барысы талданып, ауыл жастарының өзекті проблемаларын шешудің жолдары талқыланып, жас көшбасшылар өздерінің жұмыс тәжірбиесімен алмасты.

Аталмыш іс-шараға Ұлытау ауданынан 10 делегат қатысып, форум бағдарламасы бойынша Жастар ісі жөніндегі көшпелі Кеңес отырысына атсалысты. Жастар ісі жөніндегі Кеңес отырысын Қарағанды облысының әкімі Бауыржан Әбдішев жүргізді.

Кеңестен соң бағдарлама аясында жүргізілген форумның салтанатты ашылу рәсімінде Ұлытау аудандық «Жастармен жұмыс жасау орталығы» мемлекеттік мекемесінің басшысы Толқын Тәліпова белсенді азаматтық ұстанымы, патриотизмі және облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі үшін Қарағанды облысы әкімі Бауыржан Әбдішевтың Алғыс хатымен және бағалы сыйлықпен марапатталды.

Салтанатты жиын барысында аудандық ішкі саясат бөлімінің маманы Д.Сұлтанова мен жас көшбасшы А.Мажитов форумға қатысқан делегеттарды Ұлытаудың табиғи-тарихи ерекшеліктерімен таныстырып, тартымды әңгіме қозғады. Осылайша, аудан жастары Жаңаарқа ауданында көшпенді елдің көшесіз астанасы, аспан астындағы тарихи мұражайы, хандығымыздың қазығы болған Ұлытау жерінің туын көкке көтеріп, атын асқақтатып қайтты.

Форум қорытындысында ауыл жастарының ХІ форумы 2014 жылы Қарқаралы ауданында өткізілетін болып келісілді.

С.Нығыметова, «Ұлытау ауданының жастармен жұмыс жасау орталығы» ММ-нің маманы.

Комментарии закрыты.