Куәліктер тапсырылды

20130830-4-2-1Жақында кеншілер қаласының 53 намазханы Сәтбаев қалалық мешіті жанындағы үш айлық діни сауат ашу курсында аттестациялық комиссиядан өтіп, қолдарына куәлік алды. Бұл шара қалалық мешіттің ұйымдастыруымен бесінші жыл қатарынан атқарылып келеді.

Аттестациялық комиссияның құрамына Сәтбаев қалалық Балмағамбет Балқыбайұлы атындағы мешіттің Бас имамы Бақдаулет қажы Абдрахманов пен мешіт жанындағы үш айлық сауат ашу курсының ұстазы, наиб-имам Берлібеков Мади кірді.

Діни сауат ашу курсына ҚМДБ-ның қолдауымен ашылған «Әбу-Ханифа» және «Нұр Астана» медреселерінің шәкірттері Е.Такеев, Б.Қангелді, Т.Сейтжапбаров сынды Ұлытау-Жезқазған аймағының жас азаматтары ерекше еңбектерін сіңірді. Мешіттің наиб-имамы М.Берлибеков пен медресе шәкірттері бірігіп сауат ашу курсына келген жамағатқа түрлі діни ағымдар туралы, олардың тамырына балта шабу хақында дәрістер берді. Дәріс алушы шәкірттерге Ислам әдептерінен бастап Құранды толық оқу мүмкіндігіне дейін жеткізе отырып, фикһ пен «Дін мен Діл» тұрғысынан да мағлұматтар айтылды.

Аттестациялаудан кейін Бас имам Бақдаулет қажы Нұрматұлы шәкірттерге алғыс білдіре отырып, діни сауат ашу курсын толық бітіріп шықты деген анықтама тапсырды.

Қасиетті Құран Кәрімнен бастап, Мәшһүр ғалым – Әбу Ханифа мәзхабы тұрғысынан толық сауат ашқан жастар қауымы болашақта қаймағы бұзылмаған қалың қазақ ортасына кіріп, береке мен бірлікті паш ететін Ислам діні негіздерін насихаттайды деген сенімдеміз.

Сәтбаев қалалық Балмағамбет Балқыбайұлы атындағы мешіттің баспасөз қызметі.

Комментарии закрыты.