Халыққа қызмет көрсету орталығының негізгі міндеттері

Мемлекет басшысының жүктеген міндеттеріне сәйкес Үкімет халыққа қызмет көрсету аясын кеңейте түсті. Бұл орайда Әділет министрлігі аталған міндеттерді орындау жолында халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы көптеген жұмыс атқарып келеді. Бұрынғыдай емес, қазір қызмет көрсету саны да, сапасы да және оның түрі де көбейе бастады.

Қазіргі  таңда орталықпен 14(он төрт) бағытта  71 (жетпіс бір) қызмет көрсетілуде.

1) Құжаттандыру  және тіркеу бөлімі бойынша:

— ҚР азаматтарына төлқұжаттар мен жеке куәліктер беру;

— уақытша жеке куәлік беру;

— жоғалған жеке куәлікті  қалпына келтіру;

— азаматтарды тұрғылықты жері бойынша тіркеу;

— азаматтарды тұрғылықты жері бойынша тіркеуден шығару;

— азаматтарды тіркеу кітабын ресімдеу;

— Т.А.Ә., ұлты өзгертілген жеке куәлік берілуіне арыз.

2) АХАЖ бөлімі бойынша:

— туу туралы қайталама куәлік;

— неке бұзу туралы қайталама куәлік;

— тегін, атын, әкесінің атын өзгерту туралы қайталама куәлік;

— бала асырап алу туралы қайталама куәлік;

— неке қию туралы қайталама куәлік;

— қайтыс болу туралы қайталама куәлік;

— әкелігін анықтау туралы қайталама куәлік;

— № 4 форма;

— АХАТ туралы анықтамалар.

3) Заңды тұлғаларды тіркеу бойынша:

— заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу құжаттары;

— заңды тұлғаларды мемлекеттік қайта тіркеу құжаттары;

— заңды тұлғалардың құрылтай құжаттарына өзгертулер мен толықтырулар еңгізу құжаттары БИН;

— заңды тұлғалардың қайта тіркеу құжаттарына өзгертулер мен толықтырулар еңгізу құжаттары;

— заңды тұлғалардың таратуын тіркеу құжаттары;

— филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу құжаттары;

— филиалдар мен өкілдіктердің есептік қайта тіркеу құжаттары;

— заңды тұлғалардың, олардың филиалдары мен өкілетіктерін мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің көшірме нұсқасын рәсімдеу.

4) Жылжымайтын мүлікті тіркеу бойынша:

— жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және техникалық сипаттамалары туралы анықтама;

— жылжымайтын мүлік жоқ (бар) екендігі туралы анықтама;

— жылжымайтын мүлікке тыйым салуды тіркеу;

— заңды тұлғаның меншік құқығын тіркеу;

— жылжымайтын мүлікті тіркеу;

— жылжымайтын мүлікті кепілге немесе қайта кепілге қоюды тіркеу;

— жылжымайтын мүлікті cот шешімі бойынша құқығын тіркеу;

— құқық иелерінің деректерін өзгерту;

-орындалмаған міндеттеме туралы ескерту хат;

-орындалған міндеттеме туралы ескерту хат;

— сауда туралы ексерту хат;

— қарызын өтеу өтініші;

— жерді тіркеу.

5) «Жылжымайтын мүлік жөніндегі орталығы» РМКК бойынша:

— жылжымайтын мүліктің техникалық төлқұжатын беру.

6) Мұрағат тіркеу бөлімі:

— сату, сыйға беру, заң бойынша мұраға құқық туралы мұрағаттық анықтамалар;

— жекешелендіру, мұрағаттық шешімге пәтерлер бөліну көшірмелер, жер учаскісі туралы мұрағаттық анықтама;

— марапаттау туралы мұрағаттық анықтамалар;

— еңбек стажы, еңбекақы, оқу орнының бітіруі, категория алу туралы мұрағаттық анықтамалар.

7) Сәтбаев қаласының  дене шынықтыру және спорт бөлімі бойынша:

мектепке дейінгі балалар мекемелеріне жіберу үшін мектепке дейінгі (7 жасқа дейін) жастағы балаларды тіркеу;

кәмелетке толмаған балаларға тиесілі тұрғын үй алаңын ауыстыруға немесе сатуға рұқсат беру үшін нотариалды кеңсеге анықтама беруге қажетті құжаттар;

зейнеткерлік қорлаға, Ішкі істер Министрлігінің Жол полициясы комитетінің аумақтық бөлімшелеріне кәмелетке толмаған  балаларға мұраны ресімдеу үшін анықтама беруге қажетті құжаттар;

кәмелетке толмағандарға тиесілі тұрғын үйді банкке несие ресімдеу үшін кепілге қоюға рұқсат беруге қажетті құжаттар;

тұрғын үйдің меншік иелері болып табылатын кәмелетке толмаған балалардың мүдделерін қозғайтын мәлімдерді жасау үшін қорғаншылар мен қамқоршылар кеңесінің шешіміне анықтама беру;

— қорғаншы және қамқоршы болу туралы анықтама беру.

8 ) Прокуратура бөлімі бойынша

— сотталғандығы бар/жоғы туралы анықтама.

9)  Ішкі істер министрлігі бөлімі бойынша:

— азаматтардың мекен-жайын  куәландыратын анықтама беру.

10) Әскери тіркеу бөлімі бойынша:

қордағы офицерлерді есепке қою;

қордағы офицерлерді есептен шығару;

қордағы солдаттар мен сержанттарды есепке қою;

қордағы солдаттар мен сержанттарды есептен шығару;

әскери қабылданушыларды  есепке қою;

әскери қабылданушыларды есептен шығару;

— жеңілдігі бар адамдарға (ҰОС қатысушыларға, Чернобыль апатын жоюшыларға) анықтама беру;

— әскери қызметін өткеруді растау туралы анықтама беру.

11) Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімі бойынша;

— мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою;

12) Ауыл шаруашылық және ветеринария бөлімі бойынша

— жеке шаруашылығының бар,жоқ екендігі туралы анықтама.

13) Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарлама бөлімі бойынша;

18 жасқа дейінгібалалары бар отбасыларына мемлекеттік жәрдемақы тағайындау;

— жұмыссыз азаматтарды тіркеу және есепке алу;

— мүгедектерге , оның ішінде бөгде адамның күтіміне және жәрдеміне мұқтаж мүгедек балаларға үйде әлеуметтік қызмет көрсетуге арналған құжаттарды ресімдеу.

— мүгедектерді сурдо-тифлоқұрамдармен және гигиеналық заттармен қамтамасыз ету;

— тұрғын үй көмегін тағайындау;

— ауылдық жерлерде тұратын азаматтарды отын мен қамту;

14) Жер қатынастары  бөлімі бойынша;

Жер учаскесіне жеке меншік құқығына акт беру;

— жер учаскесін ұзақ мерзімге жалға алу туралы акт беру

— жер участкесін  уақытша  ұзақ және қысқа мерзімге жалға беру

— жер учаскесін уақытша ұзақ мерзімге жалға алу туралы акт беру

— жер учаскесіне анықтама беру.

ХҚКО –ның жұмыс қағидаттары

1.адамның конституциялық құқықтары мен бостандықтарын сақтау;

2. қызметтік борышты атқару  кезінде заңдылықты сақтау;

3. сыпайылық

4. түбегейлі және толық ақпарат беру

5. ақпаратты қорғау және құпиялық қағидаттарына негізделеді.

ХҚКО жұмысын жетілдіру және мемлекеттік қызметтер туралы ақпаратқа барынша қол жеткізуді қамтамасыз ету мақсатында  Call – орталығы жұмыс істейді. 58 — 00  -58 нөміріне телефон соғып  мемлекеттік қызмет ұсыну тәртібі мен мерзімдері туралы, соның ішінде құжаттардың дайындық сатысы жөнінде ақпарат алуға болады. Сонымен қатар, азаматтар бұл орталықтан  өздеріне қажетті кеңестерді сұрап білумен қоса, ХҚКО қызметкерлердің кейбір теріс әрекеттеріне сай шағымдарын да айта алады.

Қорытындылай келе, халыққа қызмет көрсету сапасы жақсара түсуде.

«Қарағанды облысы ХҚКО» ММ

Сәтбаев қалалық ф-ң

опер.зал бастығының орынбасары                                                                      С.С.Естаева

Комментарии закрыты.