Қос мерекеге арналды

20130830-4-3-120130830-4-3-2Кеншілердің кәсіби мерекесіне және Сәтбаев қаласының 40 жылдығына орай Ш.Ділдебаев атындағы мұражайда поэзия кеші өтті. «Шындық» қоғамдық бірлестігінің өкілдері ұйымдастырған кездесу «Ақындық пен кеншілігім егіздей» деп аталды.

Оған жергілікті ақындар Яхия Асатов, Өмірбек Сартов, Зейнеп Әбілбекова, Ғалил Жәнібеков, Шынболат Ділдебаевтың жары, мұражай директоры Гүлсара Жиеналиева және өнерлі жастар қатысты. Іс-шараны қаланың Құрметті азаматы, ақын, кенші Мұса Тілеуов ашып, жүргізді. Алғашқы сөз кезегін алған қала әкімінің орынбасары Марал Мәдиева жиналған қонақтарды қос мерекемен құттықтап, еңбектеріне жеміс тіледі. Осы мерекелердің маңыздылығына тоқталған Марал Сағынайқызы, шығармашылық топқа және кештің ұйымдастырушыларына алғысын жеткізді.

Одан әрі ақын, Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген энергетик, Сәтбаев қаласының Құрметті азаматы Яхия Асатов 1958 жылы жазған «Кенші» өлеңін, ал, көп жылдар бойы кеніште қызмет атқарған, ақын Өмірбек Сартов келе жатқан Конституция күніне арнап «Ата Заң» өлеңін оқыды. Поэзия кешіне жиналған зиялы қауым өлеңдерін ортаға салып, жергілікті өнерпаздар күй тартып, ән шырқады.

М.Шахаева. Суреттерді түсірген автор.

Комментарии закрыты.