Қайырымдылық танытты

20130830-4-5Республикалық «Мектепке жол» акциясы №2 орта мектебінде «Біз бірге болашақты құрамыз!» атты ұранмен өтті.

Акцияның мақсаты аз қамтылған отбасылардағы оқушыларға қолдау мен көмек көрсету ғана емес, сондай-ақ мектепке әлеуметтік жағдаймен бармау себебі бойынша балалардың мәселелеріне қоғамның назарын аудару болып табылады.

Акция барысында материалдық көмек қажет еткен отбасыларының 27 баласына киім-кешектер, кеңсе тауарлары сыйға тартылды.

Оқушыларды жаңа оқу жылына даярлауда қаламыздың кәсіпкерлері үлкен демеушілік танытты. Атап айтар болсақ, жеке кәсіпкерлер «Мукашова», «Татьяна», «Асыл», «Сефербекова», «Тұрар» сауда орталығынан Базарбаева Гульмира, Шеримбетова Айнур, Карыспаев Женис, Жайынбаева Алтын, Шамаева Нұржамал, «Кеңсе тауарлары» дүкенінің иесі Абдусатторов Абдугали, Рогозина Тамара, «Сарысу» дүкенінің иесі Бекеева Ұлжалғас, «Кооптранс» сауда орталығынан Мамунова Әйгерім.

Қайырымдылық жасап, балалардың ықыласына бөленген кәсіпкерлерге үлкен рахмет айтамыз.

М.Игенберлина, директордың ОТІ жөніндегі орынбасары.

Комментарии закрыты.