Жедел ішек инфекциялары

Жедел ішек инфекциялары – бұл бактериялар, вирустар, қарапайымдылар тудыратын және балалар мен ересек адамдарда ішек қызметінің бұзылуымен (диарея) сипатталатын жұқпалы ауру. Ішек инфекцияларын «кір қолдың ауруы» деп те атайды.

Шынында, біз күні бойына қолымызбен айналадағы кір заттармен жанасамыз, қоғамдық көліктерде тепе-теңдікті сақтау үшін тұтқаны ұстаймыз, неше түрлі адамдар ұстаған қоғамдық мекемелердің есік тұтқасын ұстаймыз, дүкендерде сауда жасағанда сатушымен, көліктерде кондуктормен есеп айырысамыз, ақша санасамыз, таныстарды көргенде қол беріп амандасамыз. Осыдан келіп, «жұмыстан, серуендеуден үйге келгенде, тамақ дайындаудың, ішердің алдында, сондай-ақ балалармен ойнарда және оларға күтім жасағанда қолыңызды сабындап мұқият жуыңыз» деген қарапайым ережелер туындайды. Осындай қарапайым ережелерді орындаумен сіз өзіңізді және отбасы мүшелерін әртүрлі инфекциялардан қорғай аласыз.

Ішек инфекцияларының алдын алуға болады және алдын алу керек. Ол үшін қарапайым ережелерді білу және оларды қатаң түрде сақтау керек. Кей жағдайларда ауру өте ауыр түрде өтіп, өмірге қауіп тудыруы мүмкін. «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» деген сөздер әрқашан өз маңызын жоймайды.

А.Әлкенова, «Сәтбаев қаласы бойынша МСЭҚБ» ММ бас маманы.

Комментарии закрыты.