Сайлау туралы заңға өзгерістер енгізіледі

Қыркүйектің 4-і күні Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында палата депутаттары «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» ҚР Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын өндіріске алды.

«Аталған заң жобасы соттармен сайлау құқықтарының бұзылуы туралы өтініштерді қарау тәртібін жетілдіру шаралары қамтылатын болады. Бұдан бөлек, сайлаушылар құқығы істері бойынша сот шешімдеріне аппеляциялық шағым беру институтын енгізу көзделеді. Осы санаттағы істерді қарау мерзімдері де заң жобасымен нақтыланбақ», — дейді Мәжілістің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы Рахмет Мұқашев.

Оның сөзіне қарағанда, заң жобасында қаралған өзгерістер негізінен конституциялық құқықтардың қорғалуын қамтамасыз етуге септігін тигізетін болады.

Комментарии закрыты.