Қазақстан 50-ші орында

Әлемдік экономикада Қазақстан бәсекеге қабілеттілігі тұрғысынан 50-орынға көтерілді. Бұл мәліметтер 2013 жылғы Дүниежүзілік экономикалық форумның есебінде келтірілген.

Еңбек нарығының тиімділігі мен қолайлылығы жөнінен еліміз 15-орында. Ал тұрақты макроэкономикалық көрсеткіштер бойынша 23-ші сатыға көтерілді.

Айта кетейік, 2012-2013 жылдары Қазақстан бәсекеге қабілетті елдер арасында 51-орынды иеленген. Ал 2011-2012 жылдары дамыған елдер арасында 72-ші болатынбыз. Қытай — 29-шы, Ресей — 64-орында. Ал экономикалық дамыған елдердің үздік үштігін Швейцария, Сингапур және Финляндия құрап отыр.

Комментарии закрыты.