Елді мекендерді түгендеу

Қазақстан үкіметі «Өңірлерді дамыту» бағдарламасына ауылдық жерлерді дамытуға арналған жеке бөлімді енгізеді деп мәлімдеді сәрсенбіде үкімет отырысында премьер-министр Серік Ахметов.

«Өңірлік даму министрлігі тиісті мемлекеттік органдармен және облыс әкімдерімен бірлесіп биылғы 1 қарашаға дейін «Өңірлерді дамыту» бағдарламасына өзгерістер енгізіп, оған «Ауылдық аумақтарды дамыту» деген жеке бөлімді қоссын», – деді Ахметов.

Өңірлік даму вице-министрі Серік Жұманғаринның айтуынша, ауылдық аумақтардың ағымдағы жағдайын бағалау үшін, елді мекендердегі өндірістік, әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымдарды толықтай түгендеу ұсынылады. «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы аясында тіректік ауылдық елді мекендерді дамыту бойынша кешенді жоспар жүзеге асырылады.

Комментарии закрыты.