Уақытпен сыналған қызмет

20130906-08-2-1КСРО Министрлер Кеңесімен 1952 жылы 29 қазанда қабылданған «Өндірісте, құрылыста және халық шаруашылық қызметтерінің басқа салаларында күзеттен босаған, министрліктер мен ведомстволардың шаруашылық нысандарының күзетін ұйымдастыру жұмысын жақсарту іс-шаралары туралы» Қаулымен күзет қызметі құрылды.

Кейін күзет қызметінің жұмыс ауқымы кеңейе түсті, яғни оған енді ірі өнеркәсіптік құрылыстық кәсіпорындарды, мекемелерді, ұйымдарды және т.б. күзету бойынша қосымша тапсырмалар жүктелді. Күзет қызметінің негізгі міндеті – жалпыхалықтық мүдделер мен мүліктерді қорғау болып табылады.

1964-1966 жылдары кейбір қалаларда мемлекеттік нысандарды күзету полицейлерге жүктелген. Қаруланған полицейлер белгілі бір нысандарды күзетіп қана қоймай, қоғамдық тәртіпті де қадағалайтын болған. Алғашқы кезеңдерде күзет қызметі түнгі уақытта ғана жүргізілсе, уақыт өте келе штат аумағы кеңейіп, күзет жұмысы 24 сағатқа ұзартылды және полицейлердің жтиесілі болды. Өткен жылы мемлекеттік күзет қызметінің құрылғанына 60 жыл толды. Осы уақыт аралығында күзет қызметінде айтарлықтай көп өзгерістер болды. Қазіргі уақыүктемесі азайып, күзету жұмысы толықтай күзет қызметінің қызметкерлеріне тта Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары мемлекеттік күзет қызметі көптеген құрылымдық бөлімшелердің бірі болып табылады. Оның қызметкерлері өздерінің негізгі тапсырмаларын орындаумен қатар, кешенді полиция күштерінің құрамында құқықтық тәртіпті, қоғамдық қауіпсіздікті және қылмыспен күрес жұмыстарына да өз үлестерін қосуда. Сәтбаев қаласы бойынша 2 маңызды нысан күзетіледі. Оның бірі Сәтбаев қаласы әкімдігі болса, екіншісі – қалалық сот ғимараты. Күзет бөлімшесінің штат саны 13 қызметкерден тұрады. Бүгінгі таңда рота жоғары дәрежелі қызметкерлері бар бірлігі мен ынтымағы жарасқан ұжымнан тұрады. Күзет бөлімшелерінің қызмет жүйесі мол тәжірибесі бар, күзет бөлімшелерінің қызметкерлерін дайындайтын ПМ мамандандырылған оқу орындарында арнайы дайындықтан өткен, кәсіби кадрлармен жасақталған.

Оған дәлел ретінде өткен жылы Елбасының жарлығы бойынша ішкі істер басқармасының қызметкерлері үшін өткен кезектен тыс аттестация сынынан сүрінбей өткендерін мақтанышпен айта аламыз.

Биылғы жылы рота қатары жас мамандармен толықтырылуда. Жас мамандардың кәсіби шеберліктерін арттыру, өнегелік қасиеттерді бойларына дарыту, заңнаманы қатаң сақтай білу, кәсіби қырағылықтарын арттыру мақсатында тәрбиелеу үшін тәлімгерлер тағайындалып, жұмыс жүргізуде.

Ел тыныштығының сақшылары үнемі сапалық тұрғыда өсіп-өрлеумен кәсіби деңгейде шыңдалып, халық сеніміне ие болып, бедел-абыройын көтерумен келеді. Алдағы уақытта да намыс, міндет, борыш деген биік қасиеттерді қызметте де, өмірде де ту етіп ұстайды деген сенімдеміз.

Қ.Осажанов, «Қарағанды облыстық МКҚБ» ММ Сәтбаев қаласы полиция ондығының командирі, полиция старшинасы.

Суретті түсірген М.ШАХАЕВА.

Комментарии закрыты.