Куәлік табыс етілді

20130906-10-2-1Қазақстан Республикасының Конституциясы күні қаламызда айшықты шаралар көптеп өткізілді. Солардың бірі – кәмелеттік жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматтарына жеке куәлік беру рәсімі.

Бұл іс-шара орталық алаңда салтанатты түрде өтті. Ол қаламыздағы үрлемелі аспаптар оркестрінің концертімен басталды. Өнерсүйер қауым оркестрдің орындауындағы қазақ, кеңес композиторларының шығармалары мен халық әндерінің әуезді әуенін тыңдап, өнерпаздарға сүйсіне қол соқты.

Кешкі сағат сегізде жеке куәлік тапсыру салтанаты басталды. Онда қала әкімінің орынбасары Марал Мәдиева сөз сөйлеп, кәмелеттік жасқа толған еліміздің азаматтарын құттықтады.

Әкім орынбасары олардың ел азаматтары қатарына қосылғанын айтып, ендігі міндет Қазақстанның одан әрі дамуына өз үлестерін қосу екендігін атап көрсете келіп, кәмелеттік жасқа толған қаламыздың сегіз жасына жеке туәлік тапсырды.

Салтанат соңы қала көркемөнерпаздарының мерекелік концертіне ұласты. Онда жұртшылық Ратпек Асқап, Мақсат Қанатұлы, Салтанат Серікбаева, Гүлманат Қашқынбаева, Жансая Керменбаева, Талғат Боранов сынды жезтаңдай әншілер мен «Шабыт» дуэтінің, бишілер топтарының өнерлерін тамашалады.

Ізтай Белгібайұлы. Сурет түсірген автор.

Комментарии закрыты.