Отбасылық сайыс

Қыркүйектің 1-7 аралығында №7 орта мектепте «Денсаулық апталығы» акциясы аясында «Әкем, шешем және мен» атты отбасылық сайыс өтіп, оған Хамитов, Зейдилдин және Жакуповтар отбасы қатысты. Спорттық жарыс 7 кезеңнен тұрды.

Олар: «Мұртты кенгуру», «Пингвин», «Қаңбақ шар», «Сафари», «Футбаскет», «Кім көп секіреді?» және «Су тасушы» сайыстары. Бұл жарыста ата-аналардың спортқа деген қызығушылығы мен белсенділіктері мен білімдері де сынға түсті. Жарыста отбасы мүшелері доппен, секіргішпен, шармен, есеп шығару, қаппен секіруден өз өнерлерін көрсетті. Әрбір отбасы спорт жанашыры екендігін, ептіліктерін, шапшаңдығын көрсете отырып, қарсылас топтан суырылып шығуға тырысты.

Сайыс нәтижесінде ІІІ орынды Зейдилдиндер отбасы, ІІ орынды Хамитовтар отбасы және жүлделі І орынды Жакуповтар отбасы жеңіп алды.

Осындай ата-аналар мен балалар қызыға ойнайтын отбасылық спорттық жарыстар мектебімізде жиі ұйымдастырылмақ.

Г.Ерғазиева, №7 орта мектептің дене шынықтыру пәні мұғалімі.

Комментарии закрыты.