Жол ережесін сақтайық!

20130913-20-1Жаңа оқу жылы әдеттегідей қызу басталды. Оқу жылымен бірге басталған қалалық жол қауіпсіздгі акциясына №1 мектеп-гимназиясы белсенді қатысты.

Оқу жылының алғашқы күнінен-ақ сынып сағаттары өткізіліп, қалалық білім бөлімінің ұсынуымен ата-аналардан «Балалар – жолда» сауалнамасы алынып, қорытындысы шығарылды. Сауалнамаға қатысқан 40 ата-ананың жолда жүру ережесін балаларына үйретуге және оны сақтауына тұрақты көңіл бөлетіндігі анықталды. Ал Жас жол инспекторлары жасағының мүшелері «Алғашқы қоңырау» салтанатты жиынында 1-сыныпқа жаңа келген кішкентай бүлдіршіндерге үгіт-насихат көрсетіп қана қоймай, мектеп орналасқан 5-ықшамауданның кішкентай тұрғындарына үй аулаларында жолда жүру ережелерін, жол белгілерінің мағыналарын түсіндірді. Түсіндіру жұмыстарын жүргізу барысында ауданымыздың кішкентай тұрғындары жолда жүру ережелерін білетіндіктерін аңғартты.

Әрбір адам жолда жүру ережесін сақтай білсе, өз өмірінің қауіпсіздігіне немқұрайлы қарамағаны.

Жол жарақатының алдын алу мақсатында жас жол инспекторлары жасағының жұмысы оқу жылы соңына дейін жалғасатын болады.

Ү.Әшірова, ЖЖИ жасағының жетекшісі.

Комментарии закрыты.