Ардагерлермен кездесті

Сәтбаев қаласының Оқушылар сарайында қаламыздың 40 жылдық мерейтойына орай қала ардагерлерімен кездесу кеші ұйымдастырылды.

Кештің негізгі мақсаты – оқушы­ларды туған жерін сүйіп, құрмет­тей білуге тәрбиелеу. Атамекенін қадірлеуге, мақтан тұтуға, үлкен­дердің еңбегін бағалауға үйрету. Елге деген патриоттық сезімін ояту.

Кездесуге қаланың Құрметті азаматы, соғыс және еңбек ардагерлері Кеңесінің төрағасы Байбосынов Шермұханбет, еңбек ардагерлері Омаров Сабыр және Мизамбаева Рәш шақырылды. Кешке келген ата-апаларымыз өздерінің еңбек жолдары туралы әңгімелеп, көкіректеріне түйген ойларын ортаға салды. Жастарға ақыл-кеңес беріп, балалардың қойған сұрақтарына жауап берді.

Оқушылар сарайының тәр­бие­ленушілері жергілікті ақын­дарымыздың өлеңдерін оқып, өздерінің дайындаған концерттік бағдарламасын қойды.

А.МИЗАМБАЕВА.

Комментарии закрыты.