Қалдырған ізі мəңгілік

Қазіргі уақыт талабы – білімді, саналы, мәдениетті, адамгершілігі мол, қоғамда өз орнын таба білетін жеке тұлға қалыптастыру. Жеке тұлға дегеніміз – зиялы, өнерлі, зерделі жан.

Бала алдымен тәрбиешісін пір тұтады емес пе, мен де өзімнің Абай атындағы №4 мектеп-лицейінің ұстаздарын әрқашан да мақтан етіп жүремін. Ол кісілердің жүрістұрысы, ақыл-ой өрісі, іс-әрекеті, тәрбиесі мен шеберлігі оқушы психологиясына жақсы әсер етіп, болашақтың бейнесіне жол көрсетеді. Осы мектеп-лицейдің көптеген түлектері қоғамның көрнекті қайраткерлері болып, биік шыңдардан көрініп жүр. Оның бәрі білімнің иесі – ұстаздардың ерен еңбегінің арқасында. Осындай қабілетті барша ұстаздарға алғыс айта отырып, төл мерекелерімен құттықтаймын. Еңбектеріне – табыс, қажымас қайрат тілеймін.

Г.БЕКЖІГІТОВА, ҚарМУ журналистика бөлімшесінің студенті.

Комментарии закрыты.