Доктрина қызу қолдау тапты

Өткен аптада Жезқазған қаласындағы «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясының ғимаратында партияның ХV cъезді қарсаңында «Нұр Отан» ХДП «Қазақмыс» Корпорациясы» ЖШС жанындағы Қарағанды филиалының ХІІ конференциясы өтті.

Партияның конференция жұмысына Қазақстан Республикасы Парламенті мәжілісінің депутаттары Арман Қожахметов пен Андрей Бегенеев, «Нұр Отан» ХДП Қарағанды облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қадиша Оспанова, қос қаланың әкім орынбасарлары, мәслихат хатшылары, «Қазақмыс» Корпорациясы» ЖШС құрамындағы «Жезқазғантүстімет» ӨБ-нің және «Қарағандытүстімет» ӨБ-нің құрылымдық-бірліктерінің басшылары қатысты.

Конференцияның күн тәртібінде төрт сұрақ қаралды. Бірінші сұрақ – «Қазақстан-2050» Стратегиялық бағдарламасын жүзеге асырудағы «Нұр Отан» ХДП-ның міндеттері туралы және «Нұр Отан. Нұрлы болашақ жолында!» саяси Доктринасы туралы» «Нұр Отан» ХДП «Қазақмыс» Корпорациясы» ЖШС жанындағы Қарағанды филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қанат Балмағамбетов баяндады.

Күн тәртібіндегі үшінші мәселе – филиалдың Саяси кеңесі мүшелерінің құрамына өзгерістер енгізу туралы аталмыш филиалдың аппарат жетекшісі Болатбек Жақсыбаев ақпаратын жеткізсе, өзге де сұрақтар жөнінде бастауыш ұйым жетекшілері баяндама жасады.

Сондай-ақ, жиын барысында облыстық конференцияға делегаттар сайлау мәселесі де қаралды. Облыстық ХVIII конференцияға Жезқазған қаласынан 35 делегат сайланды.

Жаңа міндеттер жүктеген жиында партияның нұрлы болашаққа бастайтын Доктринасы қызу қолдау тапты.

Б.ҚАЗКЕНОВ.

Комментарии закрыты.