Əкімге айтарыңыз болса…

Менің хат жазып отырған себебім – осы Сәтбаев қаласындағы автобуста жол жүру бағаларының қымбаттығы. Жезқазған-Сәтбаевқа – 50 теңге болғанда, Весовая поселкесіне баратын баға неге 45 теңге? Жезқазған поселкесінен мінсең де 45 теңге. Ал, Кеңгірден Жезқазғанға дейін 25 теңге. Салыстырмалы түрде алсақ, іргемізде тиіп тұрған Рудникке бару неге соншалықты қымбат? Оның сыртында авто бусты көп күтеміз.

Жақында Алматыдан таңғы 6.30-да поездан түстік. Таксиге мінуге барсақ, бәрі 1500 теңге дейді. Бұл дегеніңіз тіпті сұмдық баға ғой. 50 теңгелік жерге 20 есе бағасын сұрау деген қалтаны қағады. Осы таксистер қашанғы есіріп өз бағасын қоя береді. Баға комитеті, әлде басқа бір мекеме тексере ме бағаны? Қала ішіндегі такси де жетісіп тұрған жоқ. Бір аялдамаға 300 теңге сұрайды. Дүкенде көкөністер қымбат. Супермаркет ішінде сататындары тіпті қымбат. Кімге барып айтамыз мұңымызды? Әлде осыны да мемлекет басшысына айтуымыз керек пе?

А.Байменова, қала тұрғыны.

Осы хатқа Сәтбаев қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар тасымалдау және автокөлік жолдары бөлі мінен жауап келді.

«№101 «Сәтбаев-Жезқазған» маршруты қала-аралық маршрутқа жатады, сол себептен әр аялдаманың жолақы төлемі ара қашықтығына байланысты әр түрлі. Ал, №1 Сәтбаев автостанциясы – Крестовский елді мекені маршруты қалаішілік маршрутқа жатады. Қалаішілік маршруттарда жолақысы төлемінің сомасы бірыңғай төленеді. Осыған байланысты, бұл маршрута қай аялдамадан мінсеңіз де жол ақысын толық төлейсіз.

Қазақстан Республикасы «Автомобиль көлігі туралы» Заңына сәйкес, жолаушылар мен багажды таксимен тасымалдауды ұйымдастыру жергілікті атқарушы органның құзыретіне жатқанымен, такси дің тарифін реттеу құзыретіне жатпайды.

Алайда, автомобиль көлі гімен жолаушыларды тасы малдауда таксометрмен жаб дықталған және айырым белгілері бар таксилер ғана пайдаланылады. Сонда, жол ақысын тек жүрген ара қашықтығыңызға байланысты төлей тін боласыз.

Жәрмеңкеге шығарылатын көкөніс бағалары басқа қалалар мен облыстардан әкелінетін болғандықтан, баға сатып алынған көтерме баға мен жол шығынына байланысты болады. Сонымен қатар, маусымға байланысты жергілікті жаңа өнім шыққанша баға сырттан алынып келетін көкөніс бағаларына байланысты көтеріңкі болады. Жәрмеңкеге шығарылатын тауарлар мен өнімдердің бағасын «Сәт баев қаласының ауыл шаруа шылық және ветеринария бөлімі» ММ қадағалайды».

Комментарии закрыты.