Баршаның міндеті

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықты анықтау, болдырмау, алдын алу және өз құзыреті шеңберінде оларды жасаған адамдарды жауапқа тарту прокуратура, ұлттық қауіпсіздік, ішкі істер, салық, кеден және шекара қызметі, қаржы және әскери полиция органдарымен жүзеге асырылады.

Аталмыш органдардың лауазымды адамдары заңнама белгілеген мерзімде іс, материал, хаттама жіберген адамға немесе органға жазбаша сыбайлас жемқорлық, әкімшілік құқық бұзушылық туралы көрсетіп-білдіру жіберуге, оларды қарағанның нәтижелері туралы хабарлауға тиіс. Заңға сәйкес бұл органдар олардың құзырынан шығатын шаралар қабылдауға және жауапты мемлекеттік лауазымда отырған адамдардың жасаған сыбайлас жемқорлық қылмысын анықтаған әр оқиға туралы құқық статистикасы және ақпарат органдарына дереу мәліметтер жіберуге міндетті.

Сыбайлас жемқорлықпен байланысты қылмысты анықтау, ашу, болдырмау және алдын алу мақсатында жедел-іздестіру және басқа қызмет, сондай-ақ, заң белгілеген тәртіпте заңға қайшы табылған мүлікті заңдастыруға жол бермеу мақсатында қаржы бақылауының арнайы шараларын қолдану ҚР 1994 жылғы 15 қыркүйектегі “Жедел-іздестіру қызметі туралы” Заңына сәйкес жүзеге асырылуға тиіс.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі заңнаманы қолдану тиімділігін арттыру, емлекеттік қызметте тәртіп пен реттілікті нығайту, қызметкерлердің жеке жауапкершілігін, тәртібін арттыру мақсатында мекеменің аппараттық құқықтық оқу жоспарына сәйкес ҚР мемлекеттік қызметшілерінің Ар-намыс кодексі басқарма қызметкерлеріне кеңінен түсіндіру жұмыстары мен ақпараттық оқу сабақтары тұрақты жүргізіп отыру.

Халық өздерінің құқықтарын, өздеріне қарсы қандай да бір құқыққа қайшы іс-әрекет жасалған жағдайда қандай іс-қимыл қолдану керектігінің нақты жолдарын толық білулері қажет. Сыбайлас жемқорлықпен күрестің басты бағыты оның алдын алу, яғни, оның себептері мен шарттарына ықпал жасау болуы керектігін ескерген жөн.

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев атап айтқандай, «Сыбайлас жемқорлықпен күрес қылмыскерлерді жазалау жөніндегі табанды шаралар ғана емес. Бұл – мемлекет пен қоғамның күнделікті жұмысының тұтас кешені» болып табылады. Сол себепті, әрбір Қазақстан Республикасының азаматы сыбайлас жемқорлыққа жол бермеуге міндетті.

М.АППАЗОВА, Сәтбаев қаласы Әділет басқармасының бас маманы.

Комментарии закрыты.