Бір шаңырақ астында
Қазақстан халқының тілдері күні мерекесі аясында №5 орта мектепте «Бір шаңырақ астында» атты іс-шара өткізілді.
Ең алдымен бұл – барша елге ортақ жалпыхалықтық мереке, барлық ұлт өкілдеріне көрсетілген құрмет. Бұл іс-шарада біздің мектебімізде әзірбайжан ұлтының салт-дәстүрі, ұлттық ойындары, ұлттық тағамы таныстырылды. Іс-шараға осы қаламыздағы әзірбайжан ұлтының өкілдері қатысып, өз халқының мәдинетінен, салт-дәстүрінен мәлімет берді. Бұл шараға қалалық білім бөлімінің әдіскері Қ.Жарылғапова және мектеп ұжымы қатысты.
Тіл халықпен бірге өмір сүріп, дамиды. Әр ұлттың тілі – оның бақыты, тірегі. Тіл бар жерде, ұлт та, ел де, жер де болмақ. Сондықтан әрқайсымыз өз ұлтымыздың тілін қадірлей білейік. Тіл – қандай да болмасын ұлттың, халықтың баға жетпес рухани қазынасы, ұлттық санамен байланысты мақтан тұтар ардақтысы.
А.МЕДЕУБАЕВА, №5 орта мектептің тарих пәні мұғалімі.