Жаңа төраға сайланды

20130927-12-3Осы аптаның алғашқы жұмыс күнінде өткен «КәсіпҚазақмыс» кәсіподағы Жезқазған филиалының кезектен тыс екінші конференциясы ұйымдық мәселе қарады.

Кезектен тыс конференцияның мандат комиссиясы есебінше, филиалдың 39 бастауыш ұйымынан 165 делегат сайланған екен. Жиынға оның 148-і қатысып отырды.

Конференцияға «Қазақмыс» компаниясы на қарасты Жезқазған айма ғындағы кәсіпорын дардың басшылары, жергілікті қо ғам дық ұйымдар мен баспасөз өкіл дері қатысты.

Алғашқы болып сөз алған «КәсіпҚазақмыс» салалық кәсіподағының төрағасы Төреқожа Тлемісов Жезқазған кәсіподақ ұйымының өткен кезең ішінде атқарған іс-шараларына тоқталды. «Қазақмыс» корпорациясы бойынша кәсіподақ орталығының бірінші басшысы лебізінен филиал жұмысына оң баға берушілік аңғарылды. Ол бұрынғы төраға Сұлтанбек Мырзақоңыровтың жаңа қызметке тағайындалып, өз қарамағына ауысқанына тоқталды. Атап айтқанда, оның қазіргі лауазымы «Кәсіп Қазақмыс» салалық кәсіподағы төрағасының еңбек тәртібі мен қауіпсіздік техникасы жөніндегі орынбасары көрінеді.

«Жезқазғантүстімет» ӨБ бас директоры Ж.Бөрібаев өз сөз кезегінде жұмыс беруші мен кәсіподақ ұйымының тығыз бірлікте жұмыс істегенін баса айтты. Әсіресе кәсіпорындардағы еңбек тәртібін қатаң бақылауда ұстап, жұмыс сапасын арттыруға елеу лі үлес қосқаны үшін «КәсіпҚазақмыс» кәсіподағының Жезқазған филиалына, оның ішінде бұрынғы жетекшісі С.Мырзақоңыровтың атына ризашылығын білдірді. Бас директор серіктес тұрғыдағы қарым-қатынастың келешекте де жанды өріс табуын қалайтындығын айта келіп, осы орайдағы ұсыныс-пікірін конференция делегаттары алдында ортаға салды.

Күн тәртібіндегі ұйымдық мәселе бойынша сөз алған Оңтүстік Жезқазған кеніші кәсіподақ ұйымы төрағасының орынбасары Иманбай Бралин кәсіподақ қозғалысында ұзақ жылғы тәжірибесі бар жетекші тұрғысында жаңа төрағалыққа әбден лайықты деп Ерболат Сатыбалдиннің есімін атады. Ол Ерболат Жалғасбайұлы 2006 жылдан бері кәсіподақ ұйымымен біте қайнаса жұмыс істеп келе жатқанына, «Жомарт» кеніші кәсіподақ комитетінің төрағалығына қатарынан екі мәрте сайланғанына, кезінде «Жезқазғантүстімет» ӨБ кәсіподақ комитеті төрағасының орынбасары, одан соң «Қазақмыс» корпорациясы аймақтық кәсіподақ ұйымы төрағасының орынбасары болып жоғары орган басшылығы қызметін атқарғанына тоқталды. Ал «Жомарт» кенішінің электрмонтері Сәрсенбай Әжбенов кеніш кәсіподақ ұйымының жетекшісі тұрғыда Е.Сатыбалдин еңбек адам дарының көңілінен шыға білгендігін сөз етті. Жезқазған кәсіподақ ұйымы төрағасының кеңесшісі Шәкен Жұмабеков ұйым Төралқасы жаңа төрағалыққа Е.Сатыбал динді ұсыну туралы бірауыздан шешім қабылдағанын жеткізді.

Ашық дауысқа сала келгенде кезектен тыс екінші конференцияның делегаттары Жезқазған кәсіподақ ұйымының төрағасы етіп Ерболат Сатыбалдинді сайлады.

Ш.ИБАДАТҰЛЫ, Жезқазған кәсіподақ ұйымының баспасөз хатшысы.

Комментарии закрыты.