ХАБАРЛАНДЫРУ

Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың 2005 жылдың 6 сәуірдегі «Жергілікті атқарушы органдар басшыларының халыққа есеп беру кездесулерін өткізу жөнінде» Жарлығын орындау мақсатында Сіздердің назарларыңызға Сәтбаев қаласының және Жезқазған поселкесінің тұрғындарымен Сәтбаев қаласы әкімінің кездесу тәртібін ұсынамыз. № Шаралар Күні және уақыты Өткізілетін орны Жауаптылар 1 Сәтбаев қаласы әкімінің Жезқазған кенті тұрғындарымен «Қазақмыс» Корпорациясы ЖШС еңбек ұжымымен кездесуі. 20.01.2010 ж. сағ. 16.00 «Горняк» мәдениет сарайы Жезқазған кенті Құсайнов Е.Ғ. Нысанбаев А.С. Балмұқан Е.Б. 2 Сәтбаев қаласы әкімінің Весовая, Крестовский елді мекендерінің тұрғындарымен кездесуі. 22.01.2010 ж. сағ. 16.00 Темір жол цехының клубы Весовая елді мекені Құсайнов Е.Ғ. Нысанбаев А.С. Балмұқан Е.Б. 3 Қала әкімінің Сәтбаев селосы тұрғындарымен кездесуі 26.01.2010 ж. сағ. 15.00 №17 негізгі мектеп Құсайнов Е.Ғ. Садуақасов А.К. Нысанбаев А.С. Балмұқан Е.Б. 4 Қала әкімінің шағын және орта бизнес өкілдерімен кездесуі. 28.01.2010 ж. сағ. 16.00 №16 орта мектебінің залы Таянова З.С. Нысанбаев А.С. Балмұқан Е.Б. 5 Қала әкімінің Сәтбаев қаласының тұрғындарымен кездесуі (қорытынды). 3.02.2010 ж. сағ. 15.00 Ш.Ділдебаев атындағы Кеншілер сарайы Нысанбаев А.С. Балмұқан Е.Б. Құрметті Сәтбаев қаласының және Жезқазған кентінің тұрғындары! Қала әкімінің жұмысы туралы өз ұсыныстарыңыз, ескертулер мен пікірлеріңізді «Шарайна» газеті арқылы жолдауларыңызды сұраймыз. Сонымен қатар Сіздерге қаламыздың тұрғындар көп жиналатын орындарында жергілікті атқарушы органдардың жұмысын жетілдіру жөніндегі ұсыныстарыңыз бен ескертулеріңізді жинау үшін урналар орнатылғанын хабарлаймыз. Урналар келесі жерлерде орнатылған: Сәтбаев қаласы «Береке» АҚ-ң «Универсам» дүкені, Сәтбаев қаласының «Нарша» сауда үйі, №17 негізгі мектеп – Сәтбаев селосы, Темір жол цехының клубы — Весовая елді мекені, «Горняк» мәдениет сарайы Жезқазған кенті.

Сәтбаев қаласынің әкімі аппараты

Комментарии закрыты.