Өтініштер қаралып, қаулы қабылданды

20130927-02-1-120130927-02-1-2Өткен жұмада қала әкімі Әнуар Омардың төрағалық етуімен әкімдік отырысы болып, бес мәселе қаралды. Отырысқа әкімдік мүшелері және күн тәртібіне қатысты деген мемлекеттік мекеме басшылары қатысты.

«Кафені сауда кешеніне қайта жабдықтауға рұқсат беру» және «Гаражды дүкенге қайта жабдықтауға рұқсат беру» туралы құрылыс, сәулет және қала құрылысы мекемесінің сектор меңгерушісі Т.Айтжанов хабарлады. Мәселеге орай әкімдік М.Сидоренко мен Г.Есенованың өтініштерін қанағаттандырып, қаулы қабылдады.

Қала басшысы мұндай мәселелердің екінші жағын да ескеру керектігін, яғни нысанның, ғимараттың сыртқы келбетінің қазіргі заманға сай болуын қадағалауды тапсырды. Сондай-ақ, айналасын абаттандырып, нормативтік талаптарды орындауға келіскен жағдайда ғана рұқсат етуді міндеттеді.

Қаралған келесі сұрақтар – кәмелетке толмаған Сергей, Вадим Шеметтерге және Айбота Сүлейменоваға қорғаншы тағайындау туралы – қалалық білім, денешынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Ш.Жанасылованың мәліметі тыңдалып, қаулы қабылданды.

Әнуар Серікбайұлы әке-шешелерінен айрылған балаларға қорғаншы тағайындауда асырап алушының жеке басын, тұрмыс-жағдайын жан-жақты зерттеуді және олардың кейінгі тағдырларын үнемі назарда ұстауды тапсырды.

Сәтбаев қалалық зейнетақы төлеу орталығының басшысы Е.Хасеновке асыраушысынан айрылғандарға және олардың қорғаншыларына жәрдемақы тағайындау ұсынылды.

М.ЖАППАСБАЕВА.

Суреттерді түсірген автор.

Суретте: қайта жабдықталып жатқан бұрынғы «Екатерина» кафесінің алдыңғы және артқы келбеті.

Комментарии закрыты.